وَفِي أُخْرَى لِمَالِكٍ عَنْ عَمْرَةَ بِنْتِ عَبْدِ الرَّحْمَنِ: «لَا يُمْنَعُ نَقْعُ الْبِئْرِ».
Қазақша аудармасы
Әмра бинт Абдуррахманның жеткізуінше, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жұрттың құдықтағы артылған суды пайдалануына бөгет жасамау керек», – деген.1
Түсіндірме
Хадистегі сөзді «құдыққа жиналған су» немесе «қажеттіліктен артылған су» деп түсінгендер бар. Құдыққа ортақ иелік ететіндер суды кезекпен пайдаланса, өз кезегінде суға мұқтаж болмаған адам, өзіне зиян келмеген жағдайда, басқа иенің су алуына бөгет жасамауы керек деген түсінік те бар.
- 1Мәлик, «Муатта», «Ақдия», 30 (2-т., 745-б.); Ибн Мәжа, «Руһун», 19 (2479). «Муаттада» Әмрадан мурсал түрде жеткен, Ибн Мәжа нұсқасында Айша аталады.