Хадис

Кутуб ситтә, № 2479

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
349. Азан тарихында есімі аталатын сахабалар
Нөмірі
№ 2479 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 16
2479
Кутуб ситтә, № 2479 · тараудағы реті: 16Риуаят етуші: Әбу Жухайфа

وَعَنْ أَبِي جُحَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّهُ رَأَىٰ بِلَالًا يُؤَذِّنُ، قَالَ: فَجَعَلْتُ أَتَتَبَّعُ فَاهُ هَاهُنَا وَهَاهُنَا بِالْأَذَانِ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ وَهَذَا لَفْظُ الشَّيْخَيْنِ. زَادَ التِّرْمِذِيُّ: «وَإِصْبَعَاهُ فِي أُذُنَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Жухайфа (р.а.) былай дейді: «Біләлдің (р.а.) азан айтқанын көрдім. Азан кезінде оның аузын біресе мына жаққа, біресе ана жаққа бұрғанын көзіммен қадағалап тұрдым». Тирмизи нұсқасында: «Екі саусағын екі құлағына қойған еді», – деген қосымша бар.1

  1. 1Бұхари, «Азан» (634). Мүслим, «Салат» (503). Тирмизи, «Салат» (197), қосымша.