وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «رَخَّصَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي بَيْعِ الْعَرَايَا بِخَرْصِهَا مِنَ التَّمْرِ فِيمَا دُونَ خَمْسَةِ أَوْسُقٍ أَوْ فِي خَمْسَةِ أَوْسُقٍ». شَكَّ بَعْضُ الرُّوَاةِ فِي خَمْسَةِ أَوْسُقٍ أَوْ دُونَ خَمْسَةِ أَوْسُقٍ. أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ.
Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ария саудасында ағаш басындағы құрманы шамалап өлшеп, орнына кепкен құрма беруге рұқсат етті. Мөлшері бес уасқтан кем немесе бес уасқ еді».
Рауилердің бірі: «Бес уасқ деді ме, әлде бес уасқтан кем деді ме?» – деп, осы мөлшерді нақты айта алмаған.1
Түсіндірме
Ария саудасының мәні мен оған не себепті рұқсат етілгені №245 хадистің түсіндірмесінде айтылды. Бұл саудада маман ағаш басындағы балауса құрмадан кепкенде қанша құрма шығатынын алдын ала шамалайды. Сатып алушы балауса құрманың құнына сол мөлшерде кепкен құрма береді. Осылайша оның бергені мен алғаны кепкен құрма өлшемімен теңеседі.
- 1Бұхари, «Буюғ», 83 (2190), «Шурб», 17 (2382). Мүслим, «Буюғ», 71 (1541). Әбу Дәуіт, «Буюғ», 21 (3364). Нәсәи, «Буюғ», 35 (7/268). Тирмизи, «Буюғ», 63 (1301). Имам Мәлик, «Муатта», «Буюғ», 14 (2/620).