وَفِي رِوَايَةٍ لِمُسْلِمٍ: «نَهَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عَنِ الْحَنْتَمِ وَهِيَ الْجَرَّةُ، وَعَنِ الدُّبَّاءِ وَهِيَ الْقَرْعَةُ، وَعَنِ الْمُزَفَّتِ وَهُوَ الْمُقَيَّرُ، وَعَنِ النَّقِيرِ وَهِيَ النَّخْلَةُ تُنْسَحُ نَسْحًا وَتُنْقَرُ نَقْرًا، وَأَمَرَ أَنْ يُنْتَبَذَ فِي الْأَسْقِيَةِ».
Мүслимнің бір риуаятында былай делінген: «Алла елшісі (с.а.с.) хантамға, яғни қыш құмыраға, дуббаға, яғни асқабақтан жасалған ыдысқа, музаффатқа, яғни қарамай жағылған ыдысқа және нақирге тыйым салды. Нақир – қабығы аршылып, іші ойылған құрма діңінен жасалған ыдыс. Пайғамбарымыз нәбізді торсыққа дайындауды бұйырды»1.
Түсіндірме
Бұл тыйым жөнінде ғалымдар әртүрлі пікір айтқан. Бір топ: «Тыйым исламның алғашқы кезінде, ішімдік енді харам етілген тұста қойылған. Кейін Бурайда әл-Әсләмидің хадисімен күші жойылған», – дейді. Басқа бір топ тыйым әлі күшінде деп, ондай ыдыстарды қолдануды мәкрүһ санаған. Имам Мәлик, Ахмад ибн Ханбал, Исхақ, Ибн Омар және Ибн Аббас осы пікірде болған. Алғашқы пікір басым саналады. Жұрт ішімдікке салынған тыйымды қабылдап, сақтай бастағаннан кейін ыдысқа қатысты тыйым алынып тасталған. Торсықта нәбіз баяу ашиды. Ашығанда торсық ісініп, жарылып кетуі мүмкін. Соған қарап иесі нәбіздің күйін оңай біліп, оны ішпеген.
- 1Мүслим, «Әшриба», 57 (1997, параллель риуаяттары).