Хадис

Кутуб ситтә, № 2280

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
338. Харам және адал етілген нәрселер
Нөмірі
№ 2280 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
2280
Кутуб ситтә, № 2280 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَصُومُ، فَتَحَيَّنْتُ فِطْرَهُ بِنَبِيذٍ صَنَعْتُهُ فِي دُبَّاءٍ، ثُمَّ أَتَيْتُهُ بِهِ، فَإِذَا هُوَ يَنِشُّ وَيَغْلِي، فَقَالَ: اضْرِبْ بِهَذَا الْحَائِطَ، فَإِنَّ هَذَا شَرَابُ مَنْ لَا يُؤْمِنُ بِاللَّهِ وَلَا بِالْيَوْمِ الْآخِرِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) ораза ұстап жүрген еді. Ауызашар уақытын күтіп, асқабақтан жасалған ыдысқа дайындаған нәбізімді әкелдім. Нәбіз ашып, бұрқылдап жатыр екен. Алла елшісі (с.а.с.): “Мұны қабырғаға шашып жібер. Бұл – Аллаға және ақырет күніне иман келтірмегендердің сусыны”, – деді»1.

Түсіндірме

Нәбіздің ашып, бұрқылдауы оның мас қылатын сусынға айнала бастағанын білдіреді. Сол күйінде ішуге тыйым салынатыны №2265 хадистің түсіндірмесінде айтылған.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Әшриба», 12 (3716) • Нәсәи, «Әшриба», 25 (8/301).