Хадис

Кутуб ситтә, № 2279

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
338. Харам және адал етілген нәрселер
Нөмірі
№ 2279 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
2279
Кутуб ситтә, № 2279 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «مَنْ سَرَّهُ أَنْ يُحَرِّمَ، إِنْ كَانَ مُحَرِّمًا مَا حَرَّمَ اللَّهُ وَرَسُولُهُ، فَلْيُحَرِّمِ النَّبِيذَ». وَفِي رِوَايَةٍ قَالَ لَهُ قَيْسُ بْنُ هُنَانٍ: «إِنَّ لِي جُرَيْرَةً أَنْتَبِذُ فِيهَا، حَتَّى إِذَا غَلَى وَسَكَنَ شَرِبْتُهُ». قَالَ: «مُذْ كَمْ هَذَا شَرَابُكَ؟» قَالَ: «مُذْ عِشْرِينَ سَنَةً»، أَوْ قَالَ: «مُذْ أَرْبَعِينَ سَنَةً». قَالَ: «طَالَمَا تَرَوَّتْ عُرُوقُكَ مِنَ الْخَبَثِ». أَخْرَجَهُ النَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Кім Алла мен Оның елшісі харам еткенді харам деп ұстанғысы келсе, осы нәбізді харам санасын», – деген.

Бір риуаятта Қайс ибн Һунан Ибн Аббасқа: «Шағын құмырам бар. Соған нәбіз дайындаймын да, ол ашып көтеріліп, қайта басылғанда ішемін», – дейді. Ибн Аббас: «Бұл сусынды ішіп жүргеніңе қанша болды?» – деп сұрайды. Қайс: «Жиырма жыл болды», – дейді. Риуаятты жеткізуші «қырық жыл» деген нұсқаны да келтіреді. Ибн Аббас: «Тамырың осы лас сусынға көптен бері қанып жүр екен», – дейді1.

Түсіндірме

1. Нәбізді кейде «шыра» деп аударамыз. «Ән-Ниһаяда» былай түсіндіріледі: «Нәбіз – құрма, мейіз, бал, бидай, арпа және басқа өнімдерді суға салып дайындайтын сусын. Осылай дайындалған сусын мас қылса да, қылмаса да, нәбіз деп аталады. Нәбізді “хамр” деп атайтыны сияқты, жүзімнен сығып жасалған хамрды да “нәбіз” дейді». Демек, «нәбіз» сөзін барлық жерде «шыра» деп аудару мүмкін емес.

2. Хадисте Ибн Аббас (р.а.) ашып, көтеріліп, қайта басылған нәбіздің мас қылатын сусынға айналатынын, содан кейін оны ішу харам болатынын айтқан.

Нәбіздің қандай күйге түсетіні және қашан ашып, мас қылатын сусынға айналатыны №2265 хадистің түсіндірмесінде қарастырылған.

  1. 1Нәсәи, «Әшриба», 48 (8/322–323, 5691, 5693). «Тәйсирде» екінші риуаятты жеткізуші Қайс ибн Уәһб деп берілген. Нәсәидің 5693-риуаятында Қайс ибн Һунан деп жазылған.