Хадис

Кутуб ситтә, № 2276

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
337. Хамрға тыйым және оның неден жасалатыны
Нөмірі
№ 2276 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
2276
Кутуб ситтә, № 2276 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «نَزَلَ تَحْرِيمُ الْخَمْرِ، وَإِنَّ بِالْمَدِينَةِ يَوْمَئِذٍ لَخَمْسَةَ أَشْرِبَةٍ، مَا فِيهَا شَرَابُ الْعِنَبِ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Хамрға тыйым салынған кезде Мәдинада ішімдіктің бес түрі бар еді. Арасында жүзімнен жасалған шарап жоқ болатын»1.

Түсіндірме

Бұл мәселенің түсіндірмесі №2264 хадисте берілген. Онда ханафи ғалымдары Құрандағы «хамр» атауы, ең алдымен, жүзімнен, одан кейін құрмадан жасалған шарапты білдіреді деп түсіндіргені айтылған. Көпшілік ғалымдар бұл атауға мас қылатын нәрсенің бәрін жатқызған.

  1. 1Бұхари, «Әшриба», 2 (5582), «Тәпсір», «Мәида», 10.