عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «حُرِّمَتِ الْخَمْرُ بِعَيْنِهَا، قَلِيلُهَا وَكَثِيرُهَا، وَمَا أَسْكَرَ مِنْ كُلِّ شَرَابٍ». أَخْرَجَهُ النَّسَائِيُّ.
Қазақша аудармасы
Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Хамрдың өзіне тыйым салынған. Оның азы да, көбі де харам. Басқа сусынның да мас қылатын мөлшеріне тыйым салынған»1.
Түсіндірме
Көпшілік ғалымдардың пікірінен өзгеше, «Сусын мас қылатын мөлшерде ішілгенде ғана харам болады» дегендер осы хадиске сүйенген.
- 1Нәсәи, «Әшриба», 48 (8/320–321). Кей басылымдарда осы риуаяттың параллель мәтінінде وَالسُّكْرُ مِنْ كُلِّ شَرَابٍ деп келеді (5684–5685).