وَعَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ وَعْلَةَ أَنَّهُ سَأَلَ ابْنَ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَمَّا يُعْصَرُ مِنَ الْعِنَبِ، فَقَالَ: «إِنَّ رَجُلًا أَهْدَى لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ رَاوِيَةَ خَمْرٍ، فَقَالَ لَهُ: “هَلْ عَلِمْتَ أَنَّ اللَّهَ تَعَالَى حَرَّمَهَا؟” قَالَ: “لَا”. فَسَارَّ إِنْسَانًا إِلَى جَنْبِهِ، فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “بِمَ سَارَرْتَهُ؟” قَالَ: “أَمَرْتُهُ بِبَيْعِهَا”. فَقَالَ: “إِنَّ الَّذِي حَرَّمَ شُرْبَهَا حَرَّمَ بَيْعَهَا”. فَفَتَحَ الْمَزَادَتَيْنِ حَتَّى ذَهَبَ مَا فِيهِمَا». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَمَالِكٌ وَالنَّسَائِيُّ.
Абдуррахман ибн Уағла Ибн Аббастан (р.а.) жүзімнен сығып алынған сусын жайында сұрағанда, ол былай жауап берген: «Бір кісі Алла елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір торсық шарап сыйлады. Алла елшісі одан: “Алланың мұны харам еткенін білесің бе?” – деп сұрады. Ол: “Жоқ”, – деп жауап берді де, жанындағы кісіге бірдеңе сыбырлады. Алла елшісі: “Оған не сыбырладың?” – деді. Ол: “Шарапты сатуды тапсырдым”, – деді. Алла елшісі: “Оны ішуді харам еткен Алла оны сатуды да харам етті”, – деді. Сонда әлгі кісі екі торсықтың аузын ашып, ішіндегісін түгел төкті».1
«الْمَزَادَةُ» الرَّاوِيَةُ.
- 1Мүслим, «Мусақат», 68 (1579); Мәлик, «Муатта», «Әшриба», 12 (2, 846); Нәсәи, «Буюғ», 90 (7, 307–308).