وَعَنْ عَطَاءٍ بْنِ يَسَارٍ رَحِمَهُ اللَّهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي الْمَسْجِدِ، إِذْ دَخَلَ رَجُلٌ ثَائِرَ الرَّأْسِ وَاللِّحْيَةِ، فَأَشَارَ إِلَيْهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: كَأَنَّهُ يَأْمُرُهُ بِإِصْلَاحِ شَعْرِهِ وَلِحْيَتِهِ، فَفَعَلَ ثُمَّ رَجَعَ، فَقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَلَيْسَ هَذَا خَيْرًا مِنْ أَنْ يَأْتِيَ أَحَدُكُمْ ثَائِرَ الرَّأْسِ كَأَنَّهُ شَيْطَانٌ». «ثَائِرَ الرَّأْسِ» أَيْ شَعِثُ الرَّأْسِ بَعِيدُ الْعَهْدِ بِالدَّهْنِ وَالتَّرْجِيلِ.
Ата ибн Ясар былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) мешітте отырғанда шашы мен сақалы ұйпа-тұйпа бір кісі кірді. Алла елшісі (с.а.с.) оған шашы мен сақалын ретке келтір дегендей қолымен ишара етті. Әлгі кісі оларды реттеп, қайта келді. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): “Біріңнің шашы ұйпа-тұйпа, шайтанға ұқсап келгенінен осы жақсы емес пе?” – деді»1.
Түсіндірме
1. Бұл риуаятта ұйпа-тұйпа шашты адам шайтанға ұқсатылған. Араб тілінде ұнамсыз нәрсені шайтанға, жақсы нәрсені періштеге немесе иманға теңеу қалыптасқан. Құран Кәрімде де осындай бейнелеу кездеседі. Мысалы, тозақтағы зәққум ағашының бүрі шайтанның басына ұқсатылған.
إِنَّهَا شَجَرَةٌ تَخْرُجُ فِي أَصْلِ الْجَحِيمِ طَلْعُهَا كَأَنَّهُ رُءُوسُ الشَّيَاطِينِ «Ол – тозақтың түбінен өсіп шығатын ағаш. Оның бүрлері шайтанның бастарындай»2.