عَنْ أَبِي قَتَادَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قُلْتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ: إِنَّ لِي جُمَّةً أَفَأُرَجِّلُهَا؟ قَالَ: نَعَمْ وَأَكْرِمْهَا، فَكَانَ أَبُو قَتَادَةَ رُبَّمَا دَهَنَهَا فِي الْيَوْمِ مَرَّتَيْنِ مِنْ قَوْلِهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: نَعَمْ وَأَكْرِمْهَا». «التَّرْجِيلُ» تَسْرِيحُ الشَّعْرِ.
Әбу Қатада (р.а.) былай дейді: «Мен Алла елшісіне (с.а.с.): “Уа, Алла елшісі, иығыма түсетін қалың шашым бар. Оны тарап, реттеп жүрейін бе?” – дедім. Ол: “Иә, шашыңды күтіп ұста”, – деді».
Риуаятшының айтуынша, Әбу Қатада осы сөзден кейін кейде шашына күніне екі рет май жағып жүретін1.
Түсіндірме
«Тәржил» шашты тарауды білдіреді. «Жүммә» деп иыққа дейін түсетін қалың шашты атайды. Зурқани Алла Елшісінің (с.а.с.) «Шашыңды күтіп ұста» дегенін шашты кірден арылтып, ретімен күту деп түсіндіреді.
Түсіндірмеде Әбу Қатаданың жұмыс кезінде шаң-тозаңға малынып, шашын кейде күніне екі рет ретке келтіргені айтылады. Басқа риуаяттарда да Алла Елшісі (с.а.с.) шаш өсірген адамға оны ұқыпты ұстауды бұйырған.
- 1Мәлик, «Муатта», «Шағар», 6 (2/949). Нәсәи, «Зинәт», 60 (8/183, № 5237). Нәсәи нұсқасында шашты күн сайын тарау айтылады.