وَعَنْ عُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَمْنَعُ أَهْلَهُ الْحِلْيَةَ وَالْحَرِيرَ وَيَقُولُ: إِنْ كُنْتُمْ تُحِبُّونَ حِلْيَةَ الْجَنَّةِ وَحَرِيرَهَا فَلَا تَلْبَسُوهَا فِي الدُّنْيَا». وَفِي أُخْرَى لَهُ عَنِ ابْنِ عُمَرَ قَالَ: «نَهَى رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَنْ لُبْسِ الذَّهَبِ إِلَّا مُقَطَّعًا».
Уқба ибн Амир (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) үй ішіне әшекей тағуға, жібек киюге тыйым салып: “Жәннаттың әшекейі мен жібегін қаласаңдар, бұларды бұл дүниеде тақпаңдар, кимеңдер”, – дейтін»1. Нәсәидің Ибн Омардан жеткізген басқа нұсқасында Алла елшісі (с.а.с.) аз мөлшердегісінен басқа алтын тағуға тыйым салған.
Түсіндірме
«الْمُقَطَّعُ»: الشَّيْءُ الْيَسِيرُ نَحْوَ الشَّنْفِ وَالْخَاتَمِ لِلنِّسَاءِ، وَكُرِهَ الْكَثِيرُ لِلسَّرَفِ وَالْخُيَلَاءِ، وَعَدَمِ إِخْرَاجِ الزَّكَاةِ مِنْهُ.
Түсіндірмеде аз мөлшерге шағын сырға мен әйел жүзігі жататыны айтылады. Ал алтынды көп тағу ысырап пен мақтанға ұласатындықтан және зекеті өтелмей қалуы мүмкін болғандықтан мәкрүһ саналған.
Синдидің пікірінше, хадистің сыртқы мағынасына қарағанда, Алла Елшісі (с.а.с.) жұбайларына алтын да, күміс те әшекей тағуға тыйым салған. Алтын, күміс пен жібек әйелдерге адал болғандықтан, ақыретті дүниеден жоғары қоюы үшін мұндай тыйым Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайларына ғана қатысты болуы мүмкін. Синди басқа бір түсіндірме де ұсынады. Хадистегі «әһл» сөзі Пайғамбар әулетінің ер адамдарын білдіруі ықтимал. Осы мағына алынса, хадистің үкімін жойылған деп танудың немесе оны басқаша жорудың қажеті қалмайды.
- 1Нәсәи, «Зинәт», 39 (8/156, № 5136). Ибн Омар нұсқасы – № 5160. Нәсәи Надрдың Мұғауиядан жеткізген нұсқасын дұрысырақ санаған (№ 5159).