وَعَنْ أُخْتٍ لِحُذَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: يَا مَعْشَرَ النِّسَاءِ، أَمَا لَكُنَّ فِي الْفِضَّةِ مَا تَحَلَّيْنَ بِهِ، أَمَا إِنَّهُ لَيْسَ مِنْكُنَّ امْرَأَةٌ تَتَحَلَّى ذَهَبًا وَتُظْهِرُهُ إِلَّا عُذِّبَتْ بِهِ».
Хузайфаның қарындасы (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізеді: «Уа, әйелдер! Күмістен жасалған әшекейлер сендерге жетпей ме? Араларыңнан алтын тағып, оны жұртқа көрсеткен әйел сол үшін азапқа тартылады»1.
Түсіндірме
1. Риуаяттағы Хузайфаның қарындасының есімі Фатима деп көрсетіледі. Оны Хаула деп атаған деректер де бар.
2. Риуаяттың сенімділігіне қатысты ескертпе бар. Алдыңғы хадистің түсіндірмесінде айтылғандай, әйелдерге алтын, күміс пен жібекті жаппай тыйған риуаяттардың үкімі жойылған деп түсіндірілген. Кей ғалымдар тыйымды әшекейді бөтенге көрсету, мақтану немесе тәкаппарлану ниетімен тағу жағдайына қатысты қараған.
- 1Әбу Дәуіт, «Хатам», 8 (№ 4237). Нәсәи, «Зинәт», 39 (8/156–157, № 5137–5138). Әл-Әлбани мен «Дар әс-Сәләм» басылымы риуаятты әлсіз деп бағалаған.