Хадис

Кутуб ситтә, № 2042

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
286. Мал зекеті
Нөмірі
№ 2042 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
2042
Кутуб ситтә, № 2042 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Мұғаз

عَنْ مُعَاذٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «بَعَثَنِي النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِلَى الْيَمَنِ فَأَمَرَنِي أَنْ آخُذَ مِنْ كُلِّ ثَلَاثِينَ بَقَرَةً تَبِيعًا أَوْ تَبِيعَةً، وَمِنْ كُلِّ أَرْبَعِينَ مُسِنَّةً، وَمِنْ كُلِّ حَالِمٍ دِينَارًا أَوْ عَدْلَهُ مَعَافِرَ». اللَّفْظُ لِلتِّرْمِذِيِّ.

Қазақша аудармасы

Мұғаз (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) мені Йеменге жіберіп, әр отыз сиырдан бір еркек не ұрғашы тәбиғ, әр қырық сиырдан бір мүсиннә, әр балиғатқа жеткен адамнан бір динар немесе соған құны тең мұғафири киімін алуды бұйырды»1. Мәтін Тирмизидің нұсқасы бойынша берілді.

  1. 1Тирмизи, «Зекет», 5 (623). Әбу Дәуіт, «Зекет», 4 (1576–1578). Нәсәи, «Зекет», 8 (5/25–26).