Хадис

Кутуб ситтә, № 2041

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
286. Мал зекеті
Нөмірі
№ 2041 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
2041
Кутуб ситтә, № 2041 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: فِي كُلِّ ثَلَاثِينَ مِنَ الْبَقَرِ تَبِيعٌ أَوْ تَبِيعَةٌ. وَفِي كُلِّ أَرْبَعِينَ مُسِنَّةٌ».

Қазақша аудармасы

Ибн Мәсғуд (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.): «Әр отыз сиырдан бір жасқа толған еркек не ұрғашы тайынша, әр қырық сиырдан екі жасқа толған құнажын беріледі», – дегенін жеткізеді1.

Түсіндірме

Табиғ – бір жасқа толып, екінші жасына аяқ басқан еркек ірі қара. Оның ұрғашысы табиға деп аталады.

Мусиннә – екі жасқа толып, үшінші жасына аяқ басқан ұрғашы ірі қара.

  1. 1Тирмизи, «Зекет», № 622. Тирмизи жеткізу тізбегіндегі Әбу Убайданың әкесі Абдулла ибн Мәсғудтан тікелей естімегенін ескертеді. Мұғаз ибн Жәбәл жеткізген нұсқа келесі хадисте берілген.