Хадис

Кутуб ситтә, № 2024

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
283. Алла елшісі мен сахабаларының жоқшылық көрген кездері
Нөмірі
№ 2024 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
2024
Кутуб ситтә, № 2024 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «كَانَ يَأْتِي عَلَيْنَا الشَّهْرُ مَا نُوقِدُ فِيهِ نَاراً، إنَّمَا هُوَ التَّمْرُ وَالمَاءُ إِلَّا أَنْ نُؤْتَى بِاللُّحَيْمِ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ. وَ فِي رِوَايَةٍ: «مَا شَبِعَ آلُ مُحَمَّدٍ مِنْ خُبْزِ البُرِّ ثَلَاثاً حَتَّى مَضَى لِسَبِيلِهِ». وَ فِي أُخْرَى: «مَا أَكَلَ آلُ مُحَمَّدٍ أَكْلَتَيْنِ فِي يَوْمٍ وَاحِدٍ إِلَّا إِحْدَاهُمَا تَمْرٌ».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Ай бойы ошаққа от жақпайтын кездеріміз болатын. Азығымыз құрма мен су еді. Ара-тұра аздаған ет әкеліп беретін»1.

Басқа нұсқада: «Алла елшісі (с.а.с.) дүниеден өткенше, Мұхаммедтің отбасы қатарынан үш күн бидай нанына тойған емес», – делінген.

Тағы бір нұсқада: «Мұхаммедтің отбасы бір күнде екі мезгіл тамақ ішсе, соның бірінде міндетті түрде құрма жейтін», – делінген.

  1. 1Бұхари, «Әтғима», 23, «Риқақ», 17. Мүслим, «Зүһд», 20–27 (№ 2970–2973). Тирмизи, «Зүһд», 38 (Ибраһим Жанан нөмірлеуінде № 2357–2358), «Қиямет», 35 (Ибраһим Жанан нөмірлеуінде № 2473).