Хадис

Кутуб ситтә, № 1823

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
239. Ұйықтар алдында және оянғанда айтылатын дұғалар
Нөмірі
№ 1823 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
1823
Кутуб ситтә, № 1823 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Бәра

وَعَنْ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِذَا أَوَيْتَ إِلَى فِرَاشِكَ فَقُلِ: اللَّهُمَّ أَسْلَمْتُ نَفْسِي إِلَيْكَ، وَوَجَّهْتُ وَجْهِي إِلَيْكَ، وَفَوَّضْتُ أَمْرِي إِلَيْكَ، وَأَلْجَأْتُ ظَهْرِي إِلَيْكَ، رَغْبَةً وَرَهْبَةً إِلَيْكَ، لَا مَلْجَأَ وَلا مَنْجَى مِنْكَ إِلَّا إِلَيْكَ، آمَنْتُ بِكِتَابِكَ الَّذِي أَنْزَلْتَ، وَبِنَبِيِّكَ الَّذِي أَرْسَلْتَ، فَإِنَّكَ إِنْ مُتَّ مِنْ لَيْلَتِكَ مُتَّ عَلَى الْفِطْرَةِ، وَإِنْ أَصْبَحْتَ أَصَبْتَ خَيْرًا». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا النَّسَائِيَّ، وَلَمْ يَذْكُرْ أَبُو دَاوُدَ: «وَإِنْ أَصْبَحْتَ إِلَخْ». وَفِي أُخْرَى لِلتِّرْمِذِيِّ: «كَانَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا أَرَادَ أَنْ يَنَامَ تَوَسَّدَ يَمِينَهُ وَقَالَ: اللَّهُمَّ قِنِي عَذَابَكَ يَوْمَ تَجْمَعُ، أَوْ تَبْعَثُ عِبَادَكَ».« الرَّغْبَةُ»: طَلَبُ الشَّيْءِ وَإِرَادَتُهُ،«والرَّهْبَةُ»: الْفَزْعُ.

Қазақша аудармасы

Бара ибн Азибтен (р.а.) жеткен хадисте: «Алла елшісі (с.а.с.): “Әй, пәленше! Жатар алдында: ‘Уа, Алла тағалам! Шексіз мейіріміңді қалап, қаһарыңнан қорқып, (берген үкіміңе бас иіп, жазғаныңа разы болған күйде) өзімді бір Өзіңе бағыштадым. Жүзімді Саған бұрып, күллі ісімді Саған тапсырып, бір Өзіңе арқа сүйедім. Өзіңнен басқа қамқор да, пана да жоқ. Түсірген Кітабың мен жіберген пайғамбарыңа иман келтірдім’, – деп дұға жаса. Егер осы дұғаны оқып жатқан түні кенеттен о дүниеге аттансаң, әу бастағы пәк табиғатыңа сай иманды болып өтесің. Ал егер аман-есен таңға жетсең, жақсылыққа кенелесің”, – деп айтты» – делінген.1

Тирмизидің бір риуаятында былай деп айтылған: «Алла елшісі (с.а.с.) ұйықтағысы келгенде оң жағына жастанып, былай дұға жасайтын: “Уа, Алла! Құлдарыңды жинайтын немесе қайтадан тірілтетін күні мені азабыңнан сақта”»

  1. 1Бұхари, Дағуат 7,9; Тәухид 34; Мүслим, Зикр 56, (2710); Тирмизи, Дағуат 76, (3391); Әбу Дәуіт, Әдәб 107, (5046, 5047, 5048).