وَعَنْ حَكِيمِ بْنِ حِزَامٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «نَهَىٰ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَنْ يُسْتَقَادَ فِي الْمَسْجِدِ، وَأَنْ تُنْشَدَ فِيهِ الْأَشْعَارُ، وَأَنْ تُقَامَ فِيهِ الْحُدُودُ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.
Хаким ибн Хизам (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) мешітте қысас жазасын орындауға, өлең-жыр оқуға және хадд жазасын қолдануға тыйым салды»1.
Түсіндірме
Мешіт – ғибадат орны. Бұрын мешітте жолаушылар тыныққан, сырқат пен жаралы адамдар емделген, қонақтар күтілген, тұтқындар да ұсталған. Бұл риуаятта өзге жерде рұқсат етілген үш істің мешітте жасалуына тыйым салынғаны айтылады.
1. Қысас. Классикалық құқықта бұл жазықсыз адамды өлтірген кісіге немесе біреуді жаралаған адамға жасаған ісіне сай жаза тағайындауды білдіреді. Кей ғалым тыйымның себебін мешітті қанмен былғамау деп түсіндірген. Басқалары мешіт мұндай мақсатқа салынбағанын айтқан.
2. Өлең-жыр оқу. Түсіндірушілер мұнда ұнамсыз өлең айтпау меңзелгенін көрсеткен.
3. Хадд жазасын орындау. Риуаятта Алланың ақысына немесе адамның ақысына қатысты хадд жазаларын мешітте орындауға тыйым салынған. Мұндай әрекет мешіттің құрметіне нұқсан келтіреді және оны былғайды. Әли әл-Қари мешіттің Алланы зікір етіп, намаз оқу үшін салынатынын айтқан.
- 1Әбу Дәуіт, «Худуд», 38 (4490).