وَعَنْ صَفْوَانَ بْنِ أُمَيَّةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ تَوَسَّدَ رِدَاءَهُ فِي الْمَسْجِدِ وَنَامَ، فَجَاءَهُ سَارِقٌ فَأَخَذَ رِدَاءَهُ، فَأَخَذَ صَفْوَانُ السَّارِقَ فَجَاءَ بِهِ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَأَمَرَ بِهِ أَنْ تُقْطَعَ يَدُهُ. فَقَالَ صَفْوَانُ: «إِنِّي لَمْ أُرِدْ هَذَا يَا رَسُولَ اللَّهِ، هُوَ عَلَيْهِ صَدَقَةٌ». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «فَهَلَّا قَبْلَ أَنْ تَأْتِيَنِي بِهِ». أَخْرَجَهُ الْأَرْبَعَةُ إِلَّا التِّرْمِذِيَّ.
Сафуан ибн Умәйя (р.а.) мешітте сырт киімін жастанып ұйықтап қалады. Бір ұры келіп, киімін алып кетеді. Сафуан ұрыны ұстап алып, Алла елшісіне (с.а.с.) әкеледі. Алла елшісі (с.а.с.) оның қолын кесуге үкім етеді. Сонда Сафуан: «Уа, Алланың елшісі! Мен мұны қаламаған едім. Киімім оған садақа болсын», – дейді. Алла елшісі (с.а.с.): «Оны маған алып келмей тұрып неге олай етпедің?» – дейді1.
- 1Әбу Дәуіт, «Худуд», 14 (4394). Нәсәи, «Сариқ», 4 (8/68). Ибн Мәжа, «Худуд» (2595). Мәлік, «Муатта», «Худуд», 28 (2/834).