عَنْ يَحْيَى بْنِ رَاشِدٍ، عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّهُ سَمِعَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: «مَنْ حَالَتْ شَفَاعَتُهُ دُونَ حَدٍّ مِنْ حُدُودِ اللَّهِ فَقَدْ ضَادَّ اللَّهَ، وَمَنْ خَاصَمَ فِي بَاطِلٍ وَهُوَ يَعْلَمُهُ لَمْ يَزَلْ فِي سَخَطِ اللَّهِ حَتَّى يَنْزِعَ عَنْهُ، وَمَنْ قَالَ فِي مُؤْمِنٍ مَا لَيْسَ فِيهِ أَسْكَنَهُ اللَّهُ رَدْغَةَ الْخَبَالِ حَتَّى يَخْرُجَ مِمَّا قَالَ». وَفِي رِوَايَةٍ: «وَمَنْ أَعَانَ عَلَى خُصُومَةٍ بِظُلْمٍ فَقَدْ بَاءَ بِغَضَبٍ مِنَ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ. الرَّدْغَةُ، بِسُكُونِ الدَّالِ وَتَحْرِيكِهَا، بَعْدَهَا غَيْنٌ مُعْجَمَةٌ: الطِّينُ وَالْوَحْلُ الْكَثِيرُ. جَاءَ فِي الْحَدِيثِ أَنَّ الْخَبَالَ عُصَارَةُ أَهْلِ النَّارِ. وَالْخَبَالُ فِي الْأَصْلِ: الْفَسَادُ، وَمَعْنَى أَنَّهُ يَخْرُجُ مِمَّا قَالَ أَنْ يَتَحَلَّلَ مِنْ ذَلِكَ الْمُسْلِمِ الَّذِي قَالَ فِيهِ الْقَوْلَ.
Яхия ибн Рашидтің жеткізуінше, Ибн Омар (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін естіген: «Кім араша түсіп, Алла белгілеген хадд жазаларының біріне кедергі келтірсе, Аллаға қарсы келгені. Кім дауының жалған екенін біле тұра таласса, одан бас тартқанға дейін Алланың қаһарына ұшырайды. Кім мүмінге бойында жоқ мінді тақса, сөзінен арылғанға дейін Алла оны тозақтағылардың денесінен аққан сұйықтықтан құралған батпаққа орналастырады». Тағы бір нұсқасында: «Кім әділетсіз дауға жәрдемдессе, Алланың ашуына қалады», – делінген.1 «Радға» – қою балшық, батпақ. «Хабал» сөзінің түпкі мағынасы – бұзылу. Хадисте ол тозақтағылардың денесінен аққан сұйықтық деген мағынада келген. Түсіндірмеде айтқан сөзінен арылу үшін жала жапқан адамнан кешірім сұрау меңзеледі.
Түсіндірме
1. Хадисте араша түсіп, беделін салып немесе қысым көрсетіп, хадд жазасының орындалуына бөгет болу үлкен күнәға жатқызылған. Себебі мұндай әрекет Аллаға қарсы келу саналады. Жинақ авторының айтуынша, араша түсуге өзге мәселелерде, соның ішінде тағзирге жататын істерде де жол берілген. Ал хадд істерінде оған тыйым салынған (№ 1628 хадис пен түсіндірмесін қараңыз).
2. Дауының жалған екенін білу – өзінікі жөнсіз екенін немесе қарсы тараптың хақылы екенін білу. Істің ақ-қарасына көзі жетпеген немесе күмәнданған кісіге бұл ескерту жүрмейді. Ал өзінікі жөнсіз екеніне көзі жетсе, мүмін кісі ондай істі жалғастырып, жеңіске жетуге ұмтылмауы керек.
- 1Әбу Дәуіт, «Ақдия», 14 (3597–3598). Соңғы сөйлем – 3598-нұсқадан.