عَنْ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ مُعَاذٍ قَالَ: «خَطَبَنَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ وَنَحْنُ بِمِنًى، فَفُتِحَتْ أَسْمَاعُنَا حَتَّى كُنَّا نَسْمَعُ مَا يَقُولُ وَنَحْنُ فِي مَنَازِلِنَا، فَطَفِقَ يُعَلِّمُهُمْ مَنَاسِكَهُمْ حَتَّى بَلَغَ الْجِمَارَ، فَوَضَعَ أُصْبُعَيْهِ السَّبَّابَتَيْنِ فِي أُذُنَيْهِ، ثُمَّ قَالَ: بِحَصَى الْخَذْفِ. ثُمَّ أَمَرَ الْمُهَاجِرِينَ فَنَزَلُوا فِي مُقَدَّمِ الْمَسْجِدِ، وَأَمَرَ الْأَنْصَارَ فَنَزَلُوا مِنْ وَرَاءِ الْمَسْجِدِ. ثُمَّ نَزَلَ النَّاسُ بَعْدَ ذَلِكَ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.
Абдуррахман ибн Муаз (р.а.) былай дейді: «Біз Минада жүргенде, Алла елшісі (с.а.с.) құтба оқыды. Құлағымыз ашылып, қонған орнымыздан-ақ оның сөзін естідік. Ол жұртқа қажылық рәсімдерін үйрете бастады. Тас лақтыруға келгенде, екі сұқ саусағын құлағына қойып, “Саусақпен атып жіберетіндей ұсақ таспен”, – деді. Содан соң мұһажирлерді мешіттің алдына, ансарларды мешіттің артына орналастырды».
Рауи: «Содан кейін қалған жұрт та орналасты», – дейді1.
- 1Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», 70, 73 (1951, 1957). Нәсәи, «Хаж», 189 (5/249). Бұл мәтін Әбу Дәуіттің 1957-риуаятымен салыстырылды.