وَعَنْ حَفْصَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «أَمَرَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَزْوَاجَهُ أَنْ يُحْلِلْنَ عَامَ حَجَّةِ الْوَدَاعِ. قُلْتُ: فَمَا يَمْنَعُكَ أَنْ تُحِلَّ؟ قَالَ: إِنِّي لَبَّدْتُ رَأْسِي وَقَلَّدْتُ هَدْيى فَلَا أُحِلُّ حَتَّى أَنْحَرَ هَدْيى». أَخْرَجَهُ السِّتَّةُ إِلَّا التِّرْمِذِيُّ.
Хафса (р.а.) былай деді: «Алла елшісі (с.а.с.) қоштасу қажылығы жылы жұбайларына ихрамнан шығуды бұйырды. Мен:
– Сіз неге ихрамнан шықпайсыз? – деп сұрадым. Ол:
– Шашымды жабыстырып, құрбандық малыма белгі тақтым. Құрбандығымды шалмайынша ихрамнан шықпаймын, – деді»1.
Түсіндірме
1. Тәлбид – шаш ұйысып, ұйпа-тұйпа болып кетпесін деп, оны арнайы затпен жабыстыру. Қажылықта ұзақ уақыт ихрамда қалатын адамдар осылай істейтін.
2. Бұл хадис Қағбаны тауап еткен қажы ихрамнан шығады деген Ибн Аббастың (р.а.) пікіріне қайшы келетін риуаяттардың бірі.
- 1Бұхари, Хажж, 34, 107, 126, Мағази 77, Либас, 89; Мүслим, Хажж, 186, (1229); Муатта, Хажж, 180 (1, 394); Әбу Дәуіт, Мәнәсик 24, (1806); Нәсәи, Хажж 40, (5, 136) 67, (5, 172); Ибн Мәжа, Мәнәсик 72, (3046).