Хадис

Кутуб ситтә, № 1456

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
176. Шашты тықырлап алу және қысқарту
Нөмірі
№ 1456 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
1456
Кутуб ситтә, № 1456 · тараудағы реті: 2

وَفِي رِوَايَةٍ: «أَنَّهُ دَفَعَ الْأَيْسَرَ إِلَى أَبِي طَلْحَةَ، وَقَالَ لَهُ: اِقْسِمْهُ بَيْنَ النَّاسِ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا النَّسَائِي.

Қазақша аудармасы

Бір риуаятта: «Сол жағынан қиылған шашты Әбу Талхаға беріп, “Мұны жұртқа үлестір”, – деді», – делінеді.

Түсіндірме

1. Бұл хадис бірнеше нұсқада жеткен. Мүслимдегі бір нұсқада Алла елшісінің (с.а.с.) басының оң және сол жағындағы шашын алдырған соң Әбу Талханы шақырып, қиылған шашты жұртқа таратуды тапсырғаны айтылады.

2. Ғалымдар бұл хадистен мынадай үкімдер шығарған.

1) Шаш алдырғанда оң жақтан бастау – сүннет. Әбу Ханифа оң жақты шаштараз тұрған тұстан есептеген. Демек, шаш алдырушының басының сол жағынан басталады.

2) Қадірлі кісінің шашын тәбәрік ретінде алуға болады.

3) Шаш таза.

4) Өзгенің шашын өзімен бірге алып жүруге рұқсат.