Хадис

Кутуб ситтә, № 1455

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
176. Шашты тықырлап алу және қысқарту
Нөмірі
№ 1455 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
1455
Кутуб ситтә, № 1455 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَتَى الْجَمْرَةَ فَرَمَاهَا ثُمَّ أَتَى مَنْزِلَهُ بِمَنىً وَنَحَرَ ثُمَّ قَالَ لِلْحَلَّاقِ خُذْ وَأَشَارَ إِلَى جَانِبِهِ الْأَيْمَنِ ثُمَّ الْأَيْسَرِ ثُمَّ جَعَلَ يُعْطِيهِ النَّاسَ». وَفِي رِوَايَةٍ: أَعْطَى الْجَانِبَ الْأَيْمَنَ لِمَنْ يَلِيهِ وَالأَيْسَرَ لِأُمِّ سُلَيْمٍ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деді: «Алла елшісі (с.а.с.) Ақаба жамрасына келіп, тас лақтырды. Содан кейін Минадағы қонысына барып, құрбан шалды. Шаштаразға басының әуелі оң жағын, одан соң сол жағын нұсқап, “Ал”, – деді. Кейін қиылған шашын жұртқа үлестіре бастады».

Басқа бір нұсқада: «Оң жағынан қиылған шашты жанындағыларға, сол жағынан қиылғанын Үммі Сүләймге берді», – делінеді1.

  1. 1Бұхари, Уду,33; Мүслим, Хажж, 323, (1305); Тирмизи, Хажж 73, (912); Әбу Дәуіт, Мәнәсик 79, (1981).