Хадис

Кутуб ситтә, № 1398

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
168. Қағбаға кіру
Нөмірі
№ 1398 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
1398
Кутуб ситтә, № 1398 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «خَرَجَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مِنْ عِنْدِي وَهُوَ مَسْرُورٌ ثُمَّ رَجَعَ وَهُوَ كَئِيبٌ. فَقَالَ: إِنِّي دَخَلْتُ الْكَعْبَةَ وَلَوِ اسْتَقْبَلْتُ مِنْ أَمْرِي مَا اسْتَدْبَرَتُ مَا دَخَلْتُهَا إِنِّي أَخَافُ أَنْ أَكُونَ قَدْ شَقَقْتُ عَلَى أُمَّتِي». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) қасымнан көңілді шыққан еді, бірақ жабырқап оралды. “Мен Қағбаға кірдім. Істің ақырын алдын ала білгенімде, оған кірмес едім. Үмбетіме қиындық туғыздым ба деп қорқамын”, – деді».