وَعَنْ نَافِعٍ: «أَنَّهُ سَمِعَ ابْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا يَقُولُ عَلَى الصَّفَا: اللَّهُمَّ إِنَّكَ قُلْتَ ادْعُونِي أَسْتَجِبْ لَكُمْ، وَإِنَّكَ لَا تُخْلِفُ الْمِيعَادَ، وَإِنِّي أَسْأَلُكَ كَمَا هَدَيْتَنِي لِلْإِسْلَامِ أَنْ لَا تَنْزِعَهُ مِنِّي حَتَّى تَتَوَفَّانِي وَأَنَا مُسْلِمٌ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ. وَزَادَ رَزِينُ: وَكَانَ يُكَبِّرُ ثَلَاثَ تَكْبِيرَاتٍ وَيَقُولُ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ، يَصْنَعُ ذَلِكَ سَبْعَ مَرَّاتٍ، وَيَصْنَعُ فِي الْمَرْوَةِ كَذَلِكَ فِي كلِّ شَوْطٍ.
Нафиғ Ибн Омардың (р.а.) Сафа төбесінде мынадай дұға жасағанын естіген: «Уа, Алла! ادْعُونِي أَسْتَجِبْ لَكُمْ “Маған дұға етіңдер, сендерге жауап берейін”1 деп айттың. Сен уәдеңнен айнымайсың. Мені Исламға бастап, тура жол нәсіп еттің. Мұсылман күйімде жанымды алғанша Исламнан айырмауыңды сұраймын»2. Уа, Раббымыз! Біз де осыны тілейміз. Дұғамызды қабыл ете гөр!
Рәзин мынаны қосады: «Ибн Омар үш рет тәкбір айтып, “Алладан басқа құдай жоқ. Ол – жалғыз, Оның серігі жоқ. Билік Оған тиесілі, күллі мадақ Оған тән. Оның барлық нәрсеге құдіреті жетеді”, – дейтін. Осыны жеті рет қайталайтын. Мәруада да әр айналым сайын дәл осылай жасайтын»3.