Хадис

Тауап пен сағидағы дұға

Кутуб ситтә, 4-том, 167-тарау · 5 хадис · № 1393–1397

ТАУАП ЖӘНЕ САҒИ

Хадистер

1393
Кутуб ситтә, № 1393 · тараудағы реті: 1

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ السَّائِبِ قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ فِي الطَّوَافِ مَا بَيْنَ الرُّكْنَيْنِ: رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِي الْآخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн әс-Саиб былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) тауап кезінде Қағбаның екі бұрышы арасында رَبَّنَا آتِنَا فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِي الْآخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ “Уа, Раббымыз! Бізге осы дүниеде жақсылық бере көр! Ақыретте де жақсылық бере көр және бізді тозақ отынан сақтай көр!”1 деп дұға еткенін естідім»2.

Түсіндірме

Бұл дұға «Бақара» сүресінің 201-аятында келген. Онда Алладан дүние мен ақыреттің жақсылығы сұралады. «Хасана» сөзі «жақсылық» дегенді білдіреді. Мұнда жақсылықтың бір ғана түрі аталып тұрмағандықтан, дұға барша игілікті қамтиды. Ғалымдар дүниенің жақсылығына ілім, амал, амандық-саулық, кешірім, ризық, адал тұрмыс, қанағат пен ізгі ұрпақты жатқызады. Ақыреттің жақсылығына кешірім, жәннат, жоғары дәреже, пайғамбарлармен бірге болу, Алланың разылығы, Оны көру және Онымен қауышу секілді игіліктер жатады.

«Тозақ отынан сақтай көр» деген өтініш жаһаннамның жалынынан, ызғарынан, уынан, аштығы мен шөлінен, сасық иісі мен тарлығынан, шаяндары мен жыландарынан, сондай-ақ діни мәтіндерде айтылған өзге азаптарынан сақтауды қамтиды.

Мүмін дұға қабыл болатын осынау мүбәрак мекенде бар жақсылықты қамтитын осындай дұға жасағаны жөн. Бағалы уақытын фәни дүниенің жекелеген материалдық игіліктерін ғана сұрауға жұмсамағаны абзал.

  1. 1«Бақара» сүресі, 201-аяттың дұға бөлігі.
  2. 2Әбу Дәуіт, Мәнәсик 52, (1892).
1394
Кутуб ситтә, № 1394 · тараудағы реті: 2

وَعَنْ نَافِعٍ: «أَنَّهُ سَمِعَ ابْنَ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا يَقُولُ عَلَى الصَّفَا: اللَّهُمَّ إِنَّكَ قُلْتَ ادْعُونِي أَسْتَجِبْ لَكُمْ، وَإِنَّكَ لَا تُخْلِفُ الْمِيعَادَ، وَإِنِّي أَسْأَلُكَ كَمَا هَدَيْتَنِي لِلْإِسْلَامِ أَنْ لَا تَنْزِعَهُ مِنِّي حَتَّى تَتَوَفَّانِي وَأَنَا مُسْلِمٌ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ. وَزَادَ رَزِينُ: وَكَانَ يُكَبِّرُ ثَلَاثَ تَكْبِيرَاتٍ وَيَقُولُ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ، يَصْنَعُ ذَلِكَ سَبْعَ مَرَّاتٍ، وَيَصْنَعُ فِي الْمَرْوَةِ كَذَلِكَ فِي كلِّ شَوْطٍ.

Қазақша аудармасы

Нафиғ Ибн Омардың (р.а.) Сафа төбесінде мынадай дұға жасағанын естіген: «Уа, Алла! ادْعُونِي أَسْتَجِبْ لَكُمْ “Маған дұға етіңдер, сендерге жауап берейін”1 деп айттың. Сен уәдеңнен айнымайсың. Мені Исламға бастап, тура жол нәсіп еттің. Мұсылман күйімде жанымды алғанша Исламнан айырмауыңды сұраймын»2. Уа, Раббымыз! Біз де осыны тілейміз. Дұғамызды қабыл ете гөр!

Рәзин мынаны қосады: «Ибн Омар үш рет тәкбір айтып, “Алладан басқа құдай жоқ. Ол – жалғыз, Оның серігі жоқ. Билік Оған тиесілі, күллі мадақ Оған тән. Оның барлық нәрсеге құдіреті жетеді”, – дейтін. Осыны жеті рет қайталайтын. Мәруада да әр айналым сайын дәл осылай жасайтын»3.

  1. 1«Ғафир» сүресі, 60-аяттың үзіндісі.
  2. 2Муатта, Хажж 128, (1, 372.373).
  3. 3Мәлик, «Муатта», «Қажылық», 127 (1/372). Рәзин келтірген қосымша сол бөлімде берілген.
1395
Кутуб ситтә, № 1395 · тараудағы реті: 3

وَفِي رِوَايَةٍ لِرَزِينٍ: «وَذَلِكَ إِحْدَى وَعِشْرُونَ مِنَ التَّكْبِيرِ وَسَبْعٌ مِنَ التَّهْلِيلِ وَيَدْعُو فِيمَا بَيْنَ ذَلِكَ يَسْأَلُ اللهَ تَعَالَى وَيَهْبِطُ حَتَّى إِذَا كَانَ بِبَطْنِ الْمَسِيلِ سَعَى حَتَّى يَظْهَرَ مِنْهُ ثُمَّ يَمْشِي حَتَّى يَأْتِي عَلَى الْمَرْوَةِ فَيَرْقَى عَلَيْهَا فَيَصْنَعُ مِثْلَ مَا صَنَعَ عَلَى الصَّفَا يَصْنَعُ ذَلِكَ سَبْعَ مَرَّاتٍ حَتَّى يَفْرَغَ مِنْ سَعْيِهِ».

Қазақша аудармасы

Рәзиннің бір риуаятында былай делінген: «Осылайша жиырма бір тәкбір, жеті тәһлил айтылатын. Арасында дұға етіп, Алладан тілегін сұрайтын. Содан кейін төбеден түсіп, сайдың табанына, қазіргі жасыл бағаналарға жеткенде аяңын үдететін. Сайдан шыққанша солай жүріп, Мәруаның етегіне жеткенде қалыпты жүріске түсетін. Төбенің басына шығып, Сафада істегендерін сол жерде қайталайтын. Осылайша жеті рет жүріп, сағиын аяқтайтын».

1396
Кутуб ситтә, № 1396 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Жәбир

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا وَقَفَ عَلَى الصَّفَا يُكَبِّرُ ثَلَاثًا وَيَقُولُ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ؛ لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ، يَصْنَعُ ذَلِكَ ثَلَاثَ مَرَّاتٍ وَيَدْعُو وَيَصْنَعُ عَلَى الْمَرْوَةِ مِثْلَ ذَلِكَ».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) Сафа төбесінде тұрғанда үш рет тәкбір айтып, “Алладан басқа құдай жоқ. Ол – жалғыз, Оның серігі жоқ. Билік Оған тиесілі, күллі мадақ Оған тән. Оның барлық нәрсеге құдіреті жетеді”, – дейтін. Осыны үш рет қайталап, дұға жасайтын. Мәруа төбесінде де солай істейтін»1.

  1. 1Муатта, Хажж 127, (1, 372); Мүслим, Хажж 147, (1218); Әбу Дәуіт, Мәнәсик 57, (1908); ибн Мәжа, Мәнәсик 84, (3074).
1397
Кутуб ситтә, № 1397 · тараудағы реті: 5

وَعَنِ ابْنِ شِهَابٍ قَالَ: «كَانَ ابْنُ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا لَا يُلَبِّي وَهُوَ يَطُوفُ بِالْبَيْتِ». أَخْرَجَهُمَا مَالِكٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн Шиһаб: «Ибн Омар (р.а.) Қағбаны тауап етіп жүріп тәлбия айтпайтын», – деген1.

Түсіндірме

Зурқани былай түсіндіреді: «Ибн Омар (р.а.) тауап үстінде тәлбия айтуды шариғатта белгіленген амал деп санамаған. Сондықтан ұлы Сәлим де тауапта тәлбия айтуды мәкруһ көрген. Ибн Уяйна: “Үлгі тұтар адамдардың арасынан Ата ибн әс-Саибтен басқасының Қағбаны тауап етіп жүріп тәлбия айтқанын көрмедім”, – дейді. Шафиғи мен Ахмад ибн Ханбал тәлбияны бәсең дауыспен айтуға рұқсат еткен. Рабиға болса тауап кезінде тәлбия айтатын». Ханафи мәзһабында тәлбия зул-хижжаның оныншы күні, яғни құрбан айттың алғашқы күні, Ақаба жамрасына алғашқы тас лақтырылғанда тоқтатылады.

  1. 1Муатта, Хажж 47, (1, 338).