Хадис

Кутуб ситтә, № 1198

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
151. Миқат және ихрам. Миқат
Нөмірі
№ 1198 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 17
1198
Кутуб ситтә, № 1198 · тараудағы реті: 17Риуаят етуші: Осман

وَعَنْ عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّهُ كَرِهَ أَنْ يُحْرِمَ الرَّجُلُ مِنْ خُرَاسَانَ وَكِرْمَانَ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ تَرْجَمَةً.

Қазақша аудармасы

Османның (р.а.) адамға Хорасаннан немесе Кирманнан ихрамға кіруді мәкруһ санағаны риуаят етілген1.

Түсіндірме

Бұл риуаят – миқаттардан бұрын ихрамға кіруді мәкруһ санаған ғалымдардың сүйенген дәлелдерінің бірі. Бұл риуаятты Бұхари «Сахихында» тараудың тақырыбы ретінде келтірген, бірақ сәнәдін келтірмеген. Ал ибн Хажардың айтуы бойынша, Саид ибн Мансұрдың «Муснәдінде», Абдурраззақтың «Мусаннафында» және тағы басқа бірқатар кітаптарда сәнәдімен келген. (Бұл тақырыпқа қатысты оқиға №1182 хадистің түсіндірмесінде баяндалды)

  1. 1Бұхари, «Хаж», 33-тараудың атауында иснадсыз берілген.