Хадис

Кутуб ситтә, № 882

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
137. «Тәкәсур» сүресі
Нөмірі
№ 882 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
882
Кутуб ситтә, № 882 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: إِنَّ أَوَّلَ مَا يُسْأَلُ عَنْهُ الْعَبْدُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ مِنَ النَّعِيمِ أَنْ يُقَالَ لَهُ: أَلَمْ نُصِحَّ لَكَ جِسْمَكَ وَنُرْوِكَ مِنَ الْمَاءِ الْبَارِدِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِىُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мына сөзін жеткізді: «Қиямет күні пендеден әуелі алған нығметі сұралады. Оған “Саған денсаулық бермедік пе? Салқын су ішкізбедік пе?” делінеді».1

Түсіндірме

Алдыңғы риуаяттың (№881) түсіндірмесінде денсаулықтың негізгі нығметтердің бірі екенін айтқан едік. Жоғарыдағы хадис те денсаулықтың мән-маңызын дәріптеп тұр. Ғалымдар осындай риуаяттарға сүйеніп, иманнан кейінгі ең құнды нығметтың денсаулық екенін айтқан. Алланың жер-көкке көрінген нұрын оқып түсіну осы екі нығметке байланысты. Иманмен

تُسَبِّحُ لَهُ السَّمَاوَاتُ السَّبْعُ وَالْأَرْضُ وَمَنْ فِيهِنَّ ۚ وَإِنْ مِنْ شَيْءٍ إِلَّا يُسَبِّحُ بِحَمْدِهِ وَلَـٰكِنْ لَا تَفْقَهُونَ تَسْبِيحَهُمْ

«Жеті қабат аспан мен жер және ондағы күллі жаратылыс атаулы Алланы кемшілік атаулыдан пәктейді әрі ұлықтайды. Оны мадақтамайтын әрі ұлықтамайтын бірде-бір жаратылыс жоқ...»2 аятын оқып, ал денсаулықпен

اللَّـهُ نُورُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ

«Алла – көктер мен жердің нұры»3 аятының әлемге шашқан нұрын түйсініп, ынты-шынтысымен құлшылық жасауға асығады.

  1. 1Тирмизи, «Тәпсір», «Тәкәсур» (№3358, Ибраһим Жанан басылымында №3355).
  2. 2«Исра» сүресі, 44-аят.
  3. 3«Нұр» сүресі, 35-аят