وَعَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «أَنَّ عُمَرَ نَذَرَ فِي الْجَاهِلِيَّةِ أَنْ يَعْتَكِفَ لَيْلَةً، وَيُرْوَى: “يَوْمًا”، فِي الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ، فَسَأَلَ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، فَقَالَ: “أَوْفِ بِنَذْرِكَ”». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ.
Ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Әкем Омар (р.а.) жаһилия дәуірінде Мәсжид әл-Харамда бір түн иғтикаф жасауды нәзір еткен. Бір риуаятта “бір күн” делінеді. Омар бұл туралы сұрағанда, Алла елшісі (с.а.с.): “Нәзіріңді орында”, – деді»1.
Түсіндірме
Ғалымдар адамның исламды қабылдамай тұрып еткен нәзірін орындауға міндетті-міндетті еместігі жөнінде әртүрлі пікір айтқан. Имам Шафиғи оны орындау керек деп есептесе, Әбу Ханифа міндетті санамаған. Соңғы пікірді ұстанғандар «Ислам өзінен бұрын болғанды өшіреді» деген хадиске сүйенеді (Мүслім, №121).
- 1Бұхари, «Иғтикаф», 5, 15, 16, «Хумус», 19, «Мағази», 54, «Әйман», 29. Мүслим, «Әйман», 27 (№1656). Тирмизи, «Нузур», 12 (№1539). Ибн Мәжа, «Кәффарат», 18 (№2129).