وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: «اعْلَمُوا أَنَّ اللَّهَ يُحْيِى الْأَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا. قَالَ: يُلِينُ الْقُلُوبَ بَعْدَ قَسْوَتِهَا فَيَجْعَلُهَا مُخْبَتَةً مُنِيبَةً يُحْيِى الْقُلُوبَ الْمَيِّتَةَ بِالْعِلْمِ وَالْحِكْمَةِ. وَإِلَّا فَقَدْ عُلِمَ إِحْيَاءُ الْأَرْضِ بِالْمَطَرِ مُشَاهَدَةً». أَخْرَجَهُ رَزِينُ.
Ибн Аббас (р.а.) ﴿ٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّ ٱللَّهَ يُحْىِ ٱلْأَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا قَدْ بَيَّنَّا لَكُمُ ٱلْـَٔايَٰتِ لَعَلَّكُمْ تَعْقِلُونَ﴾ «Біліп қойыңдар, Алла жер бетін өлгеннен кейін тірілтеді. Ендеше, ақылға салып ойланарсыңдар деп, сендерге анық ақиқаттар мен айқын дәлелдерді осылайша баяндадық»1 деген аятқа қатысты былай деді: «Қарайып, қатайған жүректі Алла жібіткеннен кейін, жүрек жайланады, (Раббысына) бет бұрады. Өлі жүректерді іліммен, хикметпен тірілтеді (Аят осы мағынаны түсіндіреді). Жердің жаңбырмен қайта жандануы онсыз да белгілі нәрсе».2
Түсіндірме
Ибн Аббас (р.а.) осы аяттан өлі жүректерді де Алла тағаланың иман беріп тірілтетінін түсіну керектігін айтады.
Жердің жаңбырмен қайта жанданатынын бәрі біледі, алайда көпшілігі оған жан беретіннің Алла екенін біле бермейді. Сондай-ақ Алла Тағала көбіне-көп көзіміз көретін құбылыстарды мысал келтіріп, біз көре алмаған құбылыстардың қыр-сырына бізді сендіргісі келеді. Көктемде жердің қайта тірілуін басқа аятта қияметтен кейін қайта тірілу, махшарда жиналу, дәптерінің берілуі секілді болашаққа қатысты имани мәселелерге дәлел етіп көрсетеді: «Бұны жасаған оны да жасайды» деген мағынада ﴿وَٱللَّهُ ٱلَّذِىٓ أَرْسَلَ ٱلرِّيَٰحَ فَتُثِيرُ سَحَابًا فَسُقْنَٰهُ إِلَىٰ بَلَدٍ مَّيِّتٍ فَأَحْيَيْنَا بِهِ ٱلْأَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا كَذَٰلِكَ ٱلنُّشُورُ﴾ «Әуелі жел атаулыны естіретін Алла, сөйтіп ескен жел бұлттарды көтеріп, қозғалысқа келтіреді. Содан Біз ол бұлттарды өлі мекенге қарай айдап әкетеміз. Сөйтіп, онымен жерді өлгеннен кейін қайта тірілтеміз. Өлгеннен кейін қайта тірілу, міне, осылай болмақ!»3 аятында айтылғаны секілді.