Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 269

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
8. Намаз кітабыكِتَابُ الصَّلَاةِ
бап
28. «Пәленше әулетінің мешіті» деп айтуға бола ма?بَابُ هَلْ يُقَالُ مَسْجِدُ بَنِي فُلَانٍ؟
Нөмірі
№ 269 (Мухтасар реті) · Сахих: № 420
269
Бұхари, № 269 · Сахих: 420Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ سَابَقَ بَيْنَ الْخَيْلِ الَّتِي أُضْمِرَتْ مِنَ الْحَفْيَاءِ، وَأَمَدُهَا ثَنِيَّةُ الْوَدَاعِ، وَسَابَقَ بَيْنَ الْخَيْلِ الَّتِي لَمْ تُضْمَرْ مِنَ الثَّنِيَّةِ إِلَى مَسْجِدِ بَنِي زُرَيْقٍ، وَأَنَّ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ عُمَرَ كَانَ فِيمَنْ سَابَقَ بِهَا.

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) бәйгеге арнайы бапталған аттарды әл-Хафиядан жарысқа қосып, мәрені Сәниятул-Уадағқа белгіледі. Ал арнайы бапталмаған аттарды Сәниятул-Уадағтан Бәну Зурайқ мешітіне дейін жарыстырды. Абдулла ибн Омар да сол ат жарысына қатысқандардың бірі еді.