Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2026

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
77. Әдеп кітабыكِتَابُ الْأَدَبِ
бап
2. Адамның өз ата-анасын балағаттамауы туралыبَابُ لَا يَسُبُّ الرَّجُلُ وَالِدَيْهِ
Нөмірі
№ 2026 (Мухтасар реті) · Сахих: № 5973
2026
Бұхари, № 2026 · Сахих: 5973Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ مِنْ أَكْبَرِ الْكَبَائِرِ أَنْ يَلْعَنَ الرَّجُلُ وَالِدَيْهِ». قِيلَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَكَيْفَ يَلْعَنُ الرَّجُلُ وَالِدَيْهِ؟» قَالَ: «يَسُبُّ الرَّجُلُ أَبَا الرَّجُلِ، فَيَسُبُّ أَبَاهُ، وَيَسُبُّ أُمَّهُ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амрдан (р.а.) риуаят етіледі: Алла Елшісі (с.а.с.): «Адамның өз ата-анасына лағынет айтуы – ең үлкен күнәлардың бірі», – деген. Одан: «Уа, Расулалла! Адам өз ата-анасына қалай лағынет айтады?» – деп сұралды. Ол: «Біреудің әкесін балағаттайды, сонда әлгі адам да оның әкесі мен анасын балағаттайды», – деген.