Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 2025

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
77. Әдеп кітабыكِتَابُ الْأَدَبِ
бап
1. Жақсы қарым-қатынасқа ең лайық адамның кім екені туралыبَابُ مَنْ أَحَقُّ النَّاسِ بِحُسْنِ الصُّحْبَةِ
Нөмірі
№ 2025 (Мухтасар реті) · Сахих: № 5971
2025
Бұхари, № 2025 · Сахих: 5971Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: جَاءَ رَجُلٌ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَنْ أَحَقُّ النَّاسِ بِحُسْنِ صَحَابَتِي؟» قَالَ: «أُمُّكَ». قَالَ: «ثُمَّ مَنْ؟» قَالَ: «أُمُّكَ». قَالَ: «ثُمَّ مَنْ؟» قَالَ: «أُمُّكَ». قَالَ: «ثُمَّ مَنْ؟» قَالَ: «ثُمَّ أَبُوكَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етіледі: Бір адам Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: «Уа, Расулалла! Адамдардың ішінде менің жақсы қарым-қатынасыма ең лайығы кім?» – деп сұрады. Ол: «Анаң», – деді. Әлгі адам: «Одан кейін кім?» – деп сұрады. Ол: «Анаң», – деді. Әлгі адам: «Одан кейін кім?» – деп сұрады. Ол: «Анаң», – деді. Әлгі адам: «Одан кейін кім?» – деп сұрады. Ол: «Одан кейін әкең», – деді.