Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1754

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
27. Ұлы әрі Үстем Алланың: «Ашық айтылған жағдайда көңілдеріңе жақпай қалатын мәселелерді қазбалап сұрай бермеңдер» деген сөзі туралы («Мәида», 101-аят)بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿لَا تَسْأَلُوا عَنْ أَشْيَاءَ إِنْ تُبْدَ لَكُمْ تَسُؤْكُمْ﴾ [الْمَائِدَةِ: 101]
Нөмірі
№ 1754 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4621
1754
Бұхари, № 1754 · Сахих: 4621Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: خَطَبَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ خُطْبَةً مَا سَمِعْتُ مِثْلَهَا قَطُّ، قَالَ: «لَوْ تَعْلَمُونَ مَا أَعْلَمُ لَضَحِكْتُمْ قَلِيلًا، وَلَبَكَيْتُمْ كَثِيرًا». فَغَطَّى أَصْحَابُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وُجُوهَهُمْ، لَهُمْ خَنِينٌ. فَقَالَ رَجُلٌ: «مَنْ أَبِي؟» قَالَ: «فُلَانٌ». فَنَزَلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай жеткізді: «Алла Елшісі (с.а.с.) сондай бір құтба айтты, мен оған ұқсас құтбаны бұрын-соңды естімеген едім. Ол (с.а.с.): “Егер менің білетінімді сендер де білсеңдер, аз күліп, көп жылар едіңдер”, – деді. Сонда Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабалары жүздерін бүркеп, өксіп жылады. Бір адам: “Менің әкем кім?” – деп сұрады. Ол: “Пәленше”, – деді. Сонда осы аят түсті».