Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1753

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
26. Ұлы әрі Үстем Алланың: «Арақ-шарап, құмар һәм өзге де ұтыс ойындары, табыну үшін орнатылған пұттар және жебелермен бал ашу – шайтанға ғана тән лас істер» деген сөзі туралы («Мәида», 90-аят)بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿إِنَّمَا الْخَمْرُ وَالْمَيْسِرُ وَالْأَنْصَابُ وَالْأَزْلَامُ رِجْسٌ مِنْ عَمَلِ الشَّيْطَانِ﴾ [الْمَائِدَةِ: 90]
Нөмірі
№ 1753 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4617
1753
Бұхари, № 1753 · Сахих: 4617Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: مَا كَانَ لَنَا خَمْرٌ غَيْرُ فَضِيخِكُمْ هَذَا الَّذِي تُسَمُّونَهُ الْفَضِيخَ، فَإِنِّي لَقَائِمٌ أَسْقِي أَبَا طَلْحَةَ، وَفُلَانًا وَفُلَانًا، إِذْ جَاءَ رَجُلٌ فَقَالَ: «وَهَلْ بَلَغَكُمُ الْخَبَرُ؟» فَقَالُوا: «وَمَا ذَاكَ؟» قَالَ: «حُرِّمَتِ الْخَمْرُ». قَالُوا: «أَهْرِقْ هَذِهِ الْقِلَالَ، يَا أَنَسُ». قَالَ: فَمَا سَأَلُوا عَنْهَا وَلَا رَاجَعُوهَا بَعْدَ خَبَرِ الرَّجُلِ.

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлік (р.а.) былай жеткізді: «Бізде сендер “фадих” деп атайтын осы ішімдіктен басқа шарап жоқ еді. Мен Әбу Талхаға, пәленше мен пәленшеге сусын құйып беріп тұрған едім. Сол кезде бір адам келіп: “Сендерге хабар жетті ме?” – деді. Олар: “Қандай хабар?” – деп сұрады. Ол: “Шарап харам етілді”, – деді. Сонда олар: “Уа, Әнәс! Мына құмыралардағы шарапты төгіп таста”, – деді. Әлгі адамның хабарынан кейін олар шарап жайында ештеңе сұрамады әрі оған қайта оралмады».