Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1733

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
7. Ұлы әрі Үстем Алланың: «Ендеше, сендер де “Мақам Ибраһимде” намаз оқып, дұға етіңдер» деген сөзі туралы («Бақара», 125-аят)بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَاتَّخِذُوا مِنْ مَقَامِ إِبْرَاهِيمَ مُصَلًّى﴾ [الْبَقَرَةِ: 125]
Нөмірі
№ 1733 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4483
1733
Бұхари, № 1733 · Сахих: 4483Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: وَافَقْتُ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ فِي ثَلَاثٍ – أَوْ وَافَقَنِي رَبِّي فِي ثَلَاثٍ – قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، لَوِ اِتَّخَذْتَ مَقَامَ إِبْرَاهِيمَ مُصَلًّى؟» وَقُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، يَدْخُلُ عَلَيْكَ الْبَرُّ وَالْفَاجِرُ، فَلَوْ أَمَرْتَ أُمَّهَاتِ الْمُؤْمِنِينَ بِالْحِجَابِ؟» فَأَنْزَلَ اللَّهُ آيَةَ الْحِجَابِ. قَالَ: وَبَلَغَنِي مُعَاتَبَةُ النَّبِيِّ ﷺ بَعْضَ نِسَائِهِ، فَدَخَلْتُ عَلَيْهِنَّ، قُلْتُ: «إِنِ اِنْتَهَيْتُنَّ أَوْ لَيُبَدِّلَنَّ اللَّهُ رَسُولَهُ ﷺ خَيْرًا مِنْكُنَّ». حَتَّى أَتَيْتُ إِحْدَى نِسَائِهِ، قَالَتْ: «يَا عُمَرُ، أَمَا فِي رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مَا يَعِظُ نِسَاءَهُ حَتَّى تَعِظَهُنَّ أَنْتَ؟» فَأَنْزَلَ اللَّهُ: ﴿عَسَى رَبُّهُ إِنْ طَلَّقَكُنَّ أَنْ يُبَدِّلَهُ أَزْوَاجًا خَيْرًا مِنْكُنَّ مُسْلِمَاتٍ﴾ الْآيَةَ [التَّحْرِيمِ: 5].

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деді: «Омар (р.а.): “Үш мәселеде менің пікірім Ұлы әрі Үстем Алланың үкіміне сай келді немесе Раббым үш мәселеде менің пікіріме сай үкім түсірді. Мен: ‘Уа, Расулалла! Мақам Ибраһимді намаз оқитын орын етсеңіз қайтер еді?’ – дедім. Сондай-ақ: ‘Уа, Расулалла! Үйіңізге ізгі адам да, бұзық адам да кіре береді. Мүміндердің аналарына хижаб ұстануды бұйырсаңыз қайтер еді?’ – дедім. Сонда Алла хижаб аятын түсірді.

Кейін Пайғамбардың (с.а.с.) кейбір жұбайларын жазғырғаны туралы хабар маған жетті. Мен оларға кіріп: ‘Егер бұл қылықтарыңды доғармасаңдар, Алла Өз Елшісіне (с.а.с.) сендерден де қайырлы әйелдер береді’, – дедім. Ақыры Пайғамбардың (с.а.с.) әйелдерінің біріне келгенімде, ол: ‘Уа, Омар! Алла Елшісінің (с.а.с.) өз әйелдеріне насихат айтуы жеткіліксіз бе еді, енді сен де оларға насихат айтасың ба?’ – деді. Сонда Алла: ‘Егер ол сендерді талақ қылса, бәлкім, Раббысы оған сендердің орындарыңа сендерден де қайырлы мұсылман әйелдер нәсіп етер’ («Тахрим», 5-аят) деген аятты түсірді”, – деді».