Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1732

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
63. Құран тәпсірі кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
6. Ұлы әрі Үстем Алланың: «Һәм олар: “Алланың баласы бар”, – деп айтты. Жоқ олай емес, Алла мінсіз» деген сөзі туралы («Бақара», 116-аят)بَابُ قَوْلِهِ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَقَالُوا اِتَّخَذَ اللَّهُ وَلَدًا سُبْحَانَهُ﴾ [الْبَقَرَةِ: 116]
Нөмірі
№ 1732 (Мухтасар реті) · Сахих: № 4482
1732
Бұхари, № 1732 · Сахих: 4482Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «قَالَ اللَّهُ: “كَذَّبَنِي ابْنُ آدَمَ وَلَمْ يَكُنْ لَهُ ذَلِكَ، وَشَتَمَنِي وَلَمْ يَكُنْ لَهُ ذَلِكَ. فَأَمَّا تَكْذِيبُهُ إِيَّايَ فَزَعَمَ أَنِّي لَا أَقْدِرُ أَنْ أُعِيدَهُ كَمَا كَانَ، وَأَمَّا شَتْمُهُ إِيَّايَ فَقَوْلُهُ: ‘لِي وَلَدٌ’، فَسُبْحَانِي أَنْ أَتَّخِذَ صَاحِبَةً أَوْ وَلَدًا”».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Алла: “Адам баласы Мені өтірікке шығарды, алайда оның бұлай етуге құқығы жоқ еді. Ол Мені қорлады, алайда бұлай етуге де оның құқығы жоқ еді. Оның Мені өтірікке шығаруы – Мен оны бұрынғы қалпында қайта жарата алмаймын деп санауы. Ал Мені қорлауы – ‘Алланың баласы бар’, – деуі. Ал Мен жұбай да, бала да иемденуден пәкпін”, – деді».