Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1506

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
60. Артықшылықтар туралы кітапكِتَابُ الْمَنَاقِبِ
бап
15. Пайғамбардың (с.а.с.) сипаттары туралыبَابُ صِفَةِ النَّبِيِّ ﷺ
Нөмірі
№ 1506 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3559
1506
Бұхари, № 1506 · Сахих: 3559Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «لَمْ يَكُنِ النَّبِيُّ ﷺ فَاحِشًا وَلَا مُتَفَحِّشًا، وَكَانَ يَقُولُ: “إِنَّ مِنْ خِيَارِكُمْ أَحْسَنَكُمْ أَخْلَاقًا”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) арсыз сөз айтпайтын әрі әдейі арсыздыққа бармайтын. Ол: “Расында, араларыңдағы ең жақсыларың – мінез-құлқы ең көркемдерің”, – дейтін».