Хадис
كِتَابُ الْمَنَاقِبِ

Артықшылықтар туралы кітап

Сахих әл-Бұхари, 60-кітап · 65 хадис · № 1469–1533

Мазмұны: 19 бап
  1. 1Алла Тағаланың: «Уа, адамдар! Шүбәсіз, Біз сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық. Әрі бір-біріңді танып-білулерің үшін сендерді халықтар мен ру-тайпаларға бөлдік. Расында, Алланың алдындағы ең ардақтыларың – ең тақуаларың!» («Хужурат», 13‑аят) деген сөзі туралы
  2. 2Құрайыштың артықшылықтары туралы
  3. 3
  4. 4Әсләм, Ғифар, Мүзәйна, Жуһайна және Әшжағ тайпалары туралы
  5. 5Қахтан туралы
  6. 6Жаһилия дәуірінің ұранымен көмекке шақыруға тыйым салынғаны туралы
  7. 7Хузаға тайпасының оқиғасы туралы
  8. 8Әбу Зәррдің (р.а.) исламды қабылдау оқиғасы туралы
  9. 9Исламда және жаһилия дәуірінде өзін ата-бабаларына теліп атағандар туралы
  10. 10Өз тегінің жамандалғанын қаламаған адам туралы
  11. 11Алла Елшісінің (с.а.с.) есімдері туралы
  12. 12Пайғамбарлардың соңғысы (с.а.с.) туралы
  13. 13Пайғамбардың (с.а.с.) қайтыс болуы туралы
  14. 14
  15. 15Пайғамбардың (с.а.с.) сипаттары туралы
  16. 16Пайғамбардың (с.а.с.) көзі ұйықтағанымен, жүрегі ұйықтамайтыны туралы
  17. 17Исламдағы пайғамбарлықтың белгілері туралы
  18. 18Алла Тағаланың: «Оны өз балаларын танығандай таниды. Расында, олардың бір бөлігі осынау ақиқатты біліп тұрып жасырады» («Бақара», 146‑аят) деген сөзі туралы
  19. 19Мүшріктердің Пайғамбардан (с.а.с.) өздеріне бір мұғжиза көрсетуін сұрауы және оның оларға айдың қақ жарылуын көрсетуі туралы
بَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿يَا أَيُّهَا النَّاسُ إِنَّا خَلَقْنَاكُمْ مِنْ ذَكَرٍ وَأُنْثَى وَجَعَلْنَاكُمْ شُعُوبًا وَقَبَائِلَ لِتَعَارَفُوا إِنَّ أَكْرَمَكُمْ عِنْدَ اللَّهِ أَتْقَاكُمْ﴾ [الْحُجُرَاتِ: 13]

1-бапАлла Тағаланың: «Уа, адамдар! Шүбәсіз, Біз сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық. Әрі бір-біріңді танып-білулерің үшін сендерді халықтар мен ру-тайпаларға бөлдік. Расында, Алланың алдындағы ең ардақтыларың – ең тақуаларың!» («Хужурат», 13‑аят) деген сөзі туралы

1469
Бұхари, № 1469 · Сахих: 3493, 3494Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «تَجِدُونَ النَّاسَ مَعَادِنَ، خِيَارُهُمْ فِي الْجَاهِلِيَّةِ خِيَارُهُمْ فِي الْإِسْلَامِ إِذَا فَقُهُوا، وَتَجِدُونَ خَيْرَ النَّاسِ فِي هَذَا الشَّأْنِ أَشَدَّهُمْ لَهُ كَرَاهِيَةً. وَتَجِدُونَ شَرَّ النَّاسِ ذَا الْوَجْهَيْنِ الَّذِي يَأْتِي هَؤُلَاءِ بِوَجْهٍ، وَيَأْتِي هَؤُلَاءِ بِوَجْهٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хабарда Алла Елшісі (с.а.с.): «Адамдардың кен секілді екенін көресіңдер. Олардың жаһилия дәуіріндегі жақсылары дінді терең түсінсе, исламда да жақсылары болады. Мұсылмандарды басқару ісін бәрінен де қатты ұнатпайтын адамның осы істе адамдардың ең жақсысы екенін көресіңдер. Сондай-ақ адамдардың ең жаманы – екіжүзді адам екенін көресіңдер: ол бір топқа бір жүзбен, екінші топқа басқа жүзбен келеді», – деген.

1470
Бұхари, № 1470 · Сахих: 3495Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «النَّاسُ تَبَعٌ لِقُرَيْشٍ فِي هَذَا الشَّأْنِ، مُسْلِمُهُمْ تَبَعٌ لِمُسْلِمِهِمْ، وَكَافِرُهُمْ تَبَعٌ لِكَافِرِهِمْ».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда Пайғамбар (с.а.с.): «Бұл билікте адамдар Құрайышқа ереді. Олардың мұсылмандары Құрайыштың мұсылмандарына, ал кәпірлері Құрайыштың кәпірлеріне ереді», – деген.

1471
Бұхари, № 1471 · Сахих: 3496

وَ«النَّاسُ مَعَادِنُ، خِيَارُهُمْ فِي الْجَاهِلِيَّةِ خِيَارُهُمْ فِي الْإِسْلَامِ إِذَا فَقُهُوا، تَجِدُونَ مِنْ خَيْرِ النَّاسِ أَشَدَّ النَّاسِ كَرَاهِيَةً لِهَذَا الشَّأْنِ حَتَّى يَقَعَ فِيهِ».

Қазақша аудармасы

«Адамдар – кен секілді. Олардың жаһилия дәуіріндегі жақсылары дінді терең түсінсе, исламда да жақсылары болады. Адамдардың ең жақсыларының арасынан осы басқару ісіне араласқанға дейін оны бәрінен де қатты ұнатпаған адамдарды көресіңдер», – деген.

بَابُ مَنَاقِبِ قُرَيْشٍ

2-бапҚұрайыштың артықшылықтары туралы

1472
Бұхари, № 1472 · Сахих: 3500Риуаят етуші: Мұғауия

عَنْ مُعَاوِيَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ وَقَدْ بَلَغَهُ أَنَّ عَبْدَ اللَّهِ بْنَ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ يُحَدِّثُ: أَنَّهُ سَيَكُونُ مَلِكٌ مِنْ قَحْطَانَ، فَغَضِبَ مُعَاوِيَةُ، فَقَامَ فَأَثْنَى عَلَى اللَّهِ بِمَا هُوَ أَهْلُهُ، ثُمَّ قَالَ: «أَمَّا بَعْدُ، فَإِنَّهُ بَلَغَنِي أَنَّ رِجَالًا مِنْكُمْ يَتَحَدَّثُونَ أَحَادِيثَ لَيْسَتْ فِي كِتَابِ اللَّهِ، وَلَا تُؤْثَرُ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَأُولَئِكَ جُهَّالُكُمْ، فَإِيَّاكُمْ وَالْأَمَانِيَّ الَّتِي تُضِلُّ أَهْلَهَا، فَإِنِّي سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “إِنَّ هَذَا الْأَمْرَ فِي قُرَيْشٍ، لَا يُعَادِيهِمْ أَحَدٌ إِلَّا كَبَّهُ اللَّهُ عَلَى وَجْهِهِ، مَا أَقَامُوا الدِّينَ”».

Қазақша аудармасы

Мұғауияға (р.а.) Абдулла ибн Амр ибн әл-Астың Қахтаннан бір патша шығатыны туралы риуаят айтып жүргені жайлы хабар жетті. Сонда Мұғауия ашуланып, орнынан тұрды да, Алланы лайықты түрде мадақтағаннан кейін: «Ал енді, маған араларыңдағы кейбір адамдардың Алланың Кітабында жоқ әрі Алла Елшісінен (с.а.с.) риуаят етілмеген әңгімелерді айтып жүргені жетті. Солар – араларыңдағы надандар. Сондықтан адамды адастыратын құр қиялдан сақ болыңдар. Өйткені мен Алла Елшісінің (с.а.с.): “Олар дінді берік ұстанып тұрған кезде, бұл билік Құрайыштың қолында болады. Кім оларға қарсы шықса, Алла оны етпетінен түсіреді”, – дегенін естідім», – деді.

1473
Бұхари, № 1473 · Сахих: 3504Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «قُرَيْشٌ، وَالْأَنْصَارُ، وَجُهَيْنَةُ، وَمُزَيْنَةُ، وَأَسْلَمُ، وَأَشْجَعُ، وَغِفَارُ مَوَالِيَّ، لَيْسَ لَهُمْ مَوْلًى دُونَ اللَّهِ وَرَسُولِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Құрайыш, ансарлар, Жуһайна, Мүзәйна, Әсләм, Әшжағ және Ғифар – менің жақтастарым. Олардың Алла мен Оның Елшісінен басқа қамқоршысы жоқ”, – деді», – деп жеткізді.

1474
Бұхари, № 1474 · Сахих: 3501Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا يَزَالُ هَذَا الْأَمْرُ فِي قُرَيْشٍ مَا بَقِيَ مِنْهُمُ اثْنَانِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Құрайыштан екі адам қалса да, бұл іс солардың қолында қала береді», – деген.

1475
Бұхари, № 1475 · Сахих: 3502Риуаят етуші: Жубәйр ибн Мутғим

عَنْ جُبَيْرِ بْنِ مُطْعِمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «مَشَيْتُ أَنَا وَعُثْمَانُ بْنُ عَفَّانَ، فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَعْطَيْتَ بَنِي الْمُطَّلِبِ وَتَرَكْتَنَا، وَإِنَّمَا نَحْنُ وَهُمْ مِنْكَ بِمَنْزِلَةٍ وَاحِدَةٍ؟” فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: “إِنَّمَا بَنُو هَاشِمٍ وَبَنُو الْمُطَّلِبِ شَيْءٌ وَاحِدٌ”».

Қазақша аудармасы

Жубәйр ибн Мутғим (р.а.) былай деген: «Мен Осман ибн Аффанмен бірге Пайғамбарға (с.а.с.) бардым. Осман: “Уа, Расулалла! Сіз Бәну әл-Мутталибке бердіңіз де, бізді құр қалдырдыңыз. Ал біз де, олар да сізге туыстық жағынан бірдей дәрежедеміз ғой”, – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Бәну Һашим мен Бәну әл-Мутталиб – біртұтас”, – деді».

بَابٌ

3-бап

1476
Бұхари, № 1476 · Сахих: 3508Риуаят етуші: Әбу Зәрр

عَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ سَمِعَ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «لَيْسَ مِنْ رَجُلٍ اِدَّعَى لِغَيْرِ أَبِيهِ – وَهُوَ يَعْلَمُهُ – إِلَّا كَفَرَ، وَمَنِ اِدَّعَى قَوْمًا لَيْسَ لَهُ فِيهِمْ نَسَبٌ فَلْيَتَبَوَّأْ مَقْعَدَهُ مِنَ النَّارِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Кім өз әкесінің кім екенін біле тұра, өзін өз әкесі емес басқа біреуге телісе, күпірлік жасаған болады. Ал кім өзін туыстық қатысы жоқ бір қауымға телісе, тозақтан өзіне орын дайындай берсін», – дегенін естіген.

1477
Бұхари, № 1477 · Сахих: 3509

عَنْ وَاثِلَةَ بْنِ الْأَسْقَعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّ مِنْ أَعْظَمِ الْفِرَى أَنْ يَدَّعِيَ الرَّجُلُ إِلَى غَيْرِ أَبِيهِ، أَوْ يُرِيَ عَيْنَهُ مَا لَمْ تَرَ، أَوْ يَقُولَ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مَا لَمْ يَقُلْ».

Қазақша аудармасы

Уәсилә ибн әл-Асқағ (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Ең үлкен жалалардың бірі – адамның өзін өз әкесінен басқа біреуге телуі, түсінде көрмеген нәрсесін көрдім деуі немесе Алла Елшісі (с.а.с.) айтпаған сөзді оған телуі”, – деген».

بَابُ ذِكْرِ أَسْلَمَ وَغِفَارَ وَمُزَيْنَةَ وَجُهَيْنَةَ وَأَشْجَعَ

4-бапӘсләм, Ғифар, Мүзәйна, Жуһайна және Әшжағ тайпалары туралы

1478
Бұхари, № 1478 · Сахих: 3513Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَامَ عَلَى الْمِنْبَرِ، فَقَالَ: «غِفَارُ غَفَرَ اللَّهُ لَهَا، وَأَسْلَمُ سَالَمَهَا اللَّهُ، وَعُصَيَّةُ عَصَتِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омар (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) мінберде тұрып: «Ғифарды Алла кешірсін, Әсләмге Алла амандық берсін, ал Ұсайя Аллаға және Оның Елшісіне қарсы келді», – дегенін хабарлаған.

1479
Бұхари, № 1479 · Сахих: 3516Риуаят етуші: Әбу Бәкра

عَنْ أَبِي بَكْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ الْأَقْرَعَ بْنَ حَابِسٍ قَالَ لِلنَّبِيِّ ﷺ: “إِنَّمَا بَايَعَكَ سُرَّاقُ الْحَجِيجِ مِنْ أَسْلَمَ وَغِفَارَ وَمُزَيْنَةَ وَجُهَيْنَةَ”، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: “أَرَأَيْتَ إِنْ كَانَ أَسْلَمُ وَغِفَارُ وَمُزَيْنَةُ وَجُهَيْنَةُ خَيْرًا مِنْ بَنِي تَمِيمٍ وَبَنِي عَامِرٍ وَأَسَدٍ وَغَطَفَانَ، خَابُوا وَخَسِرُوا؟” قَالَ: “نَعَمْ”. قَالَ: “وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ، إِنَّهُمْ لَخَيْرٌ مِنْهُمْ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкрәнің (р.а.) айтуынша, Ақрағ ибн Хабис Пайғамбарға (с.а.с.): «Саған Әсләм, Ғифар, Мүзәйна және Жуһайнадан қажыларды тонайтындар ғана серт берді», – деген. Пайғамбар (с.а.с.): «Айтшы, егер Әсләм, Ғифар, Мүзәйна және Жуһайна Бәну Тәмимнен, Бәну Амирден, Әсәд пен Ғатафаннан қайырлырақ болса, онда бұлар сәтсіздікке ұшырап, зиян тартқан болмай ма?» – деп сұрады. Ол: «Иә», – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Жаным қолында болған Алланың атымен ант етемін, расында, олар бұлардан қайырлырақ», – деді.

1480
Бұхари, № 1480 · Сахих: 3523Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَسْلَمُ وَغِفَارُ وَشَيْءٌ مِنْ مُزَيْنَةَ وَجُهَيْنَةَ» – أَوْ قَالَ: «شَيْءٌ مِنْ جُهَيْنَةَ أَوْ مُزَيْنَةَ» – «خَيْرٌ عِنْدَ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ» – أَوْ قَالَ: «يَوْمَ الْقِيَامَةِ» – «مِنْ أَسَدٍ وَتَمِيمٍ وَهَوَازِنَ وَغَطَفَانَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Әсләм, Ғифар және Мүзәйна мен Жуһайнаның бір бөлігі” – немесе: “Жуһайнаның яки Мүзәйнаның бір бөлігі” – “Аса құдіретті де ұлы Алланың алдында” – немесе: “Қиямет күні” – “Әсәд, Тәмим, Һауазин және Ғатафаннан қайырлы”, – деген».

بَابُ ذِكْرِ قَحْطَانَ

5-бапҚахтан туралы

1481
Бұхари, № 1481 · Сахих: 3517Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى يَخْرُجَ رَجُلٌ مِنْ قَحْطَانَ يَسُوقُ النَّاسَ بِعَصَاهُ».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда Пайғамбар (с.а.с.): «Қахтаннан адамдарды асатаяғымен айдап басқаратын бір адам шықпайынша, қиямет болмайды», – деген.

بَابُ مَا يُنْهَى مِنْ دَعْوَةِ الْجَاهِلِيَّةِ

6-бапЖаһилия дәуірінің ұранымен көмекке шақыруға тыйым салынғаны туралы

1482
Бұхари, № 1482 · Сахих: 3518Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «غَزَوْنَا مَعَ النَّبِيِّ ﷺ، وَقَدْ ثَابَ مَعَهُ نَاسٌ مِنَ الْمُهَاجِرِينَ حَتَّى كَثُرُوا، وَكَانَ مِنَ الْمُهَاجِرِينَ رَجُلٌ لَعَّابٌ، فَكَسَعَ أَنْصَارِيًّا، فَغَضِبَ الْأَنْصَارِيُّ غَضَبًا شَدِيدًا حَتَّى تَدَاعَوْا، وَقَالَ الْأَنْصَارِيُّ: “يَا لَلْأَنْصَارِ”، وَقَالَ الْمُهَاجِرِيُّ: “يَا لَلْمُهَاجِرِينَ”، فَخَرَجَ النَّبِيُّ ﷺ، فَقَالَ: “مَا بَالُ دَعْوَى أَهْلِ الْجَاهِلِيَّةِ؟” ثُمَّ قَالَ: “مَا شَأْنُهُمْ؟” فَأُخْبِرَ بِكَسْعَةِ الْمُهَاجِرِيِّ الْأَنْصَارِيَّ. قَالَ: فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: “دَعُوهَا فَإِنَّهَا خَبِيثَةٌ”. وَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ أُبَيٍّ ابْنُ سَلُولَ: “أَقَدْ تَدَاعَوْا عَلَيْنَا، لَئِنْ رَجَعْنَا إِلَى الْمَدِينَةِ لَيُخْرِجَنَّ الْأَعَزُّ مِنْهَا الْأَذَلَّ”، فَقَالَ عُمَرُ: “أَلَا نَقْتُلُ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَذَا الْخَبِيثَ؟” — لِعَبْدِ اللَّهِ — فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: “لَا يَتَحَدَّثُ النَّاسُ أَنَّهُ كَانَ يَقْتُلُ أَصْحَابَهُ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай деген: «Біз Пайғамбармен (с.а.с.) бірге жорыққа шықтық. Оның қасына мұһажирлерден адамдар келіп қосылып, олардың саны көбейді. Мұһажирлердің арасында қалжыңқой бір адам бар еді. Ол бір ансарды арт жағынан теуіп жіберді. Сонда ансар қатты ашуланып, екі жақ бір-бірін көмекке шақыра бастады. Ансар: “Уа, ансарлар!” – деп ұрандады, ал мұһажир: “Уа, мұһажирлер!” – деп ұрандады. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) шығып: “Жаһилия дәуірінің мына ұраны несі?” – деді. Кейін: “Оларға не болды?” – деп сұрады. Оған мұһажирдің ансарды арт жағынан тепкені хабарланды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Бұл ұранды тастаңдар! Өйткені ол – жиіркенішті нәрсе”, – деді. Абдулла ибн Үбәй ибн Сәлул: “Олар енді бізге қарсы бір-бірін көмекке шақыра бастады ма? Мәдинаға қайтып барсақ, ондағы абыройлысы қор болғанды міндетті түрде қуып шығады”, – деді. Сонда Омар (р.а.): “Уа, Расулалла! Мына жексұрынды өлтірейік пе?” – деп сұрады. Пайғамбар (с.а.с.): “Жоқ. Жұрт: ‘Мұхаммед өз жолдастарын өлтіреді екен’, – деп айтпасын”, – деді».

بَابُ قِصَّةِ خُزَاعَةَ

7-бапХузаға тайпасының оқиғасы туралы

1483
Бұхари, № 1483 · Сахих: 3520Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «عَمْرُو بْنُ لُحَيِّ بْنِ قَمَعَةَ ابْنِ خِنْدِفَ أَبُو خُزَاعَةَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Амр ибн Лухай ибн Қамаға – Хузаға тайпасының атасы», – деген.

1484
Бұхари, № 1484 · Сахих: 3521Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «رَأَيْتُ عَمْرَو بْنَ عَامِرِ بْنِ لُحَيٍّ الْخُزَاعِيَّ يَجُرُّ قُصْبَهُ فِي النَّارِ، وَكَانَ أَوَّلَ مَنْ سَيَّبَ السَّوَائِبَ».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда Пайғамбар (с.а.с.): «Амр ибн Амир ибн Лухай әл-Хузағидің тозақта ішектерін сүйретіп жүргенін көрдім. Пұттарға арнап еркіне жіберілетін сәиба түйелерді алғаш еркіне жіберген де сол еді», – деген.

بَابُ قِصَّةِ إِسْلَامِ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ

8-бапӘбу Зәррдің (р.а.) исламды қабылдау оқиғасы туралы

1485
Бұхари, № 1485 · Сахих: 3522Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ أَبُو ذَرٍّ: «كُنْتُ رَجُلًا مِنْ غِفَارٍ، فَبَلَغَنَا أَنَّ رَجُلًا قَدْ خَرَجَ بِمَكَّةَ يَزْعُمُ أَنَّهُ نَبِيٌّ، فَقُلْتُ لِأَخِي: “اِنْطَلِقْ إِلَى هَذَا الرَّجُلِ، كَلِّمْهُ وَأْتِنِي بِخَبَرِهِ”، فَانْطَلَقَ فَلَقِيَهُ، ثُمَّ رَجَعَ، فَقُلْتُ: “مَا عِنْدَكَ؟” فَقَالَ: “وَاللَّهِ لَقَدْ رَأَيْتُ رَجُلًا يَأْمُرُ بِالْخَيْرِ وَيَنْهَى عَنِ الشَّرِّ”، فَقُلْتُ لَهُ: “لَمْ تَشْفِنِي مِنَ الْخَبَرِ”.

فَأَخَذْتُ جِرَابًا وَعَصًا، ثُمَّ أَقْبَلْتُ إِلَى مَكَّةَ، فَجَعَلْتُ لَا أَعْرِفُهُ، وَأَكْرَهُ أَنْ أَسْأَلَ عَنْهُ، وَأَشْرَبُ مِنْ مَاءِ زَمْزَمَ وَأَكُونُ فِي الْمَسْجِدِ. قَالَ: فَمَرَّ بِي عَلِيٌّ فَقَالَ: “كَأَنَّ الرَّجُلَ غَرِيبٌ؟” قَالَ: قُلْتُ: “نَعَمْ”. قَالَ: “فَاِنْطَلِقْ إِلَى الْمَنْزِلِ”. قَالَ: فَانْطَلَقْتُ مَعَهُ، لَا يَسْأَلُنِي عَنْ شَيْءٍ وَلَا أُخْبِرُهُ، فَلَمَّا أَصْبَحْتُ غَدَوْتُ إِلَى الْمَسْجِدِ لِأَسْأَلَ عَنْهُ، وَلَيْسَ أَحَدٌ يُخْبِرُنِي عَنْهُ بِشَيْءٍ. قَالَ: فَمَرَّ بِي عَلِيٌّ، فَقَالَ: “أَمَا نَالَ لِلرَّجُلِ يَعْرِفُ مَنْزِلَهُ بَعْدُ؟” قَالَ: قُلْتُ: “لَا”. قَالَ: “اِنْطَلِقْ مَعِي”. قَالَ: فَقَالَ: “مَا أَمْرُكَ، وَمَا أَقْدَمَكَ هَذِهِ الْبَلْدَةَ؟” قَالَ: قُلْتُ لَهُ: “إِنْ كَتَمْتَ عَلَيَّ أَخْبَرْتُكَ”. قَالَ: “فَإِنِّي أَفْعَلُ”. قَالَ: قُلْتُ لَهُ: “بَلَغَنَا أَنَّهُ قَدْ خَرَجَ هَا هُنَا رَجُلٌ يَزْعُمُ أَنَّهُ نَبِيٌّ، فَأَرْسَلْتُ أَخِي لِيُكَلِّمَهُ، فَرَجَعَ وَلَمْ يَشْفِنِي مِنَ الْخَبَرِ، فَأَرَدْتُ أَنْ أَلْقَاهُ”.

فَقَالَ لَهُ: “أَمَا إِنَّكَ قَدْ رَشَدْتَ، هَذَا وَجْهِي إِلَيْهِ فَاتَّبِعْنِي. اُدْخُلْ حَيْثُ أَدْخُلُ، فَإِنِّي إِنْ رَأَيْتُ أَحَدًا أَخَافُهُ عَلَيْكَ قُمْتُ إِلَى الْحَائِطِ كَأَنِّي أُصْلِحُ نَعْلِي وَامْضِ أَنْتَ”، فَمَضَى وَمَضَيْتُ مَعَهُ، حَتَّى دَخَلَ وَدَخَلْتُ مَعَهُ عَلَى النَّبِيِّ ﷺ، فَقُلْتُ لَهُ: “اِعْرِضْ عَلَيَّ الْإِسْلَامَ”، فَعَرَضَهُ فَأَسْلَمْتُ مَكَانِي، فَقَالَ لِي: “يَا أَبَا ذَرٍّ، اُكْتُمْ هَذَا الْأَمْرَ، وَارْجِعْ إِلَى بَلَدِكَ، فَإِذَا بَلَغَكَ ظُهُورُنَا فَأَقْبِلْ”. فَقُلْتُ: “وَالَّذِي بَعَثَكَ بِالْحَقِّ، لَأَصْرُخَنَّ بِهَا بَيْنَ أَظْهُرِهِمْ”.

فَجَاءَ إِلَى الْمَسْجِدِ وَقُرَيْشٌ فِيهِ، فَقَالَ: “يَا مَعْشَرَ قُرَيْشٍ، إِنِّي أَشْهَدُ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ، وَأَشْهَدُ أَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ”، فَقَالُوا: “قُومُوا إِلَى هَذَا الصَّابِئِ”. فَقَامُوا فَضُرِبْتُ لِأَمُوتَ، فَأَدْرَكَنِي الْعَبَّاسُ فَأَكَبَّ عَلَيَّ، ثُمَّ أَقْبَلَ عَلَيْهِمْ، فَقَالَ: “وَيْلَكُمْ، تَقْتُلُونَ رَجُلًا مِنْ غِفَارَ، وَمَتْجَرُكُمْ وَمَمَرُّكُمْ عَلَى غِفَارَ؟” فَأَقْلَعُوا عَنِّي.

فَلَمَّا أَنْ أَصْبَحْتُ الْغَدَ رَجَعْتُ، فَقُلْتُ مِثْلَ مَا قُلْتُ بِالْأَمْسِ، فَقَالُوا: “قُومُوا إِلَى هَذَا الصَّابِئِ”. فَصُنِعَ بِي مِثْلَ مَا صُنِعَ بِالْأَمْسِ، وَأَدْرَكَنِي الْعَبَّاسُ فَأَكَبَّ عَلَيَّ، وَقَالَ مِثْلَ مَقَالَتِهِ بِالْأَمْسِ». قَالَ: فَكَانَ هَذَا أَوَّلَ إِسْلَامِ أَبِي ذَرٍّ رَحِمَهُ اللَّهُ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Әбу Зәрр былай деді: “Мен Ғифар тайпасынан едім. Бізге Меккеде өзін пайғамбармын деп айтатын бір адамның шыққаны туралы хабар жетті. Сонда бауырыма: ‘Мына адамға барып, онымен сөйлес те, ол туралы хабарды маған жеткіз’, – дедім. Ол жолға шығып, Пайғамбармен (с.а.с.) кездесті де, кейін қайтып келді. Мен одан: ‘Қандай хабар әкелдің?’ – деп сұрадым. Ол: ‘Алланың атымен ант етемін, жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыятын бір адамды көрдім’, – деді. Мен оған: ‘Бұл маған жеткіліксіз. Көңілімді орнықтырарлық хабар әкелмедің’, – дедім.

Содан кейін азық салатын дорбам мен асатаяғымды алып, Меккеге қарай жолға шықтым. Меккеге келгенде оны танымайтын едім әрі ол туралы біреуден сұрауға да қымсындым. Зәмзәм суын ішіп, мешітте болып жүрдім. Бір күні Әли жанымнан өтіп бара жатып: ‘Сіз бұл жаққа бөтен адам секілдісіз ғой?’ – деді. Мен: ‘Иә’, – дедім. Ол: ‘Онда үйге жүріңіз’, – деді. Мен онымен бірге бардым. Ол менен ешнәрсе сұрамады, мен де оған ештеңе айтпадым. Таң атқан соң әлгі адам туралы сұрастыру үшін мешітке бардым. Бірақ ешкім маған ол туралы ешнәрсе айтпады. Сол кезде Әли тағы да жанымнан өтіп: ‘Бұл кісі әлі қонатын жерін таба алмады ма?’ – деді. Мен: ‘Жоқ’, – дедім. Ол: ‘Менімен бірге жүріңіз’, – деді. Содан кейін менен: ‘Шаруаңыз не? Бұл қалаға не үшін келдіңіз?’ – деп сұрады. Мен: ‘Егер мұны құпия сақтасаңыз, сізге айтамын’, – дедім. Ол: ‘Солай етемін’, – деді. Мен: ‘Бізге осы жерде өзін пайғамбармын деп айтатын бір адамның шыққаны туралы хабар жетті. Бауырымды онымен сөйлесуге жіберген едім. Бірақ ол көңілімді орнықтыратын толық хабар әкелмеді. Сондықтан онымен өзім кездескім келді’, – дедім.

Сонда Әли: ‘Сіз дұрыс жолды тапқан екенсіз. Мен қазір соған бара жатырмын. Менің соңымнан еріңіз. Мен кірген жерге сіз де кіріңіз. Егер сіз үшін қауіптенетін біреуді көрсем, қабырғаға қарай бұрылып, аяқ киімімді жөндеп тұрғандай боламын. Сол кезде сіз өтіп кете беріңіз’, – деді. Ол жүрді, мен де артынан ердім. Ақыры Әли кірген жерге мен де кіріп, Пайғамбардың (с.а.с.) алдына бардым. Мен оған: ‘Маған исламды таныстырыңыз’, – дедім. Ол маған исламды түсіндірді, мен сол жерде-ақ исламды қабылдадым. Сонда ол маған: ‘Уа, Әбу Зәрр! Исламды қабылдағаныңды әзірге жасыр да, еліңе қайт. Біздің жеңіске жеткеніміз туралы хабар саған жеткенде, бізге кел’, – деді. Мен: ‘Сізді хақпен жіберген Алланың атымен ант етемін, мен мұны олардың ортасында дауыстап жариялаймын’, – дедім.

Содан кейін мешітке бардым. Ол жерде Құрайыштың адамдары отыр еді. Мен: ‘Уа, Құрайыш қауымы! Алладан басқа құлшылыққа лайық ешбір тәңір жоқ екеніне және Мұхаммедтің Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік етемін!’ – дедім. Сонда олар: ‘Мына дінінен безгенге жабылыңдар!’ – десті. Олар маған жабылып, өлтіре жаздап ұра бастады. Сол кезде Аббас келіп, үстіме жата кетті. Содан кейін оларға қарап: ‘Сендерге не болған?! Ғифар тайпасынан шыққан адамды өлтірмекшісіңдер ме? Сауда жолдарың да, жүріп өтетін жолдарың да Ғифар жерінің үстімен өтеді ғой!’ – деді. Сонда олар менен қолдарын тартты.

Келесі күні таңертең қайта барып, алдыңғы күні айтқан сөзімді тағы да айттым. Олар: ‘Мына дінінен безгенге жабылыңдар!’ – десті. Сөйтіп, маған алдыңғы күні істегендерін тағы істеді. Сол кезде Аббас тағы да келіп, үстіме жата кетті де, алдыңғы күні айтқан сөзін қайталады”. Міне, Әбу Зәррдің (Алла оны рақымына бөлесін) исламды қабылдауы осылай басталған еді».

بَابُ مَنِ انْتَسَبَ إِلَى آبَائِهِ فِي الْإِسْلَامِ وَالْجَاهِلِيَّةِ

9-бапИсламда және жаһилия дәуірінде өзін ата-бабаларына теліп атағандар туралы

1486
Бұхари, № 1486 · Сахих: 3525Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «لَمَّا نَزَلَتْ: ﴿وَأَنْذِرْ عَشِيرَتَكَ الْأَقْرَبِينَ﴾ [الشُّعَرَاءِ: 214]، جَعَلَ النَّبِيُّ ﷺ يَدْعُوهُمْ قَبَائِلَ قَبَائِلَ يُنَادِي: “يَا بَنِي فِهْرٍ، يَا بَنِي عَدِيٍّ”، بِبُطُونِ قُرَيْشٍ».

Қазақша аудармасы

Оның (р.а.) айтуынша, «Алдымен ең жақын туыстарыңа ескерт!» («Шұғара», 214‑аят) деген аят түскен кезде, Пайғамбар (с.а.с.) Құрайышты ру-руымен шақырып: «Уа, Бәну Фиһр! Уа, Бәну Ади!» – деп дауыстай бастады.

بَابُ مَنْ أَحَبَّ أَنْ لَا يُسَبَّ نَسَبُهُ

10-бапӨз тегінің жамандалғанын қаламаған адам туралы

1487
Бұхари, № 1487 · Сахих: 3531Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «اِسْتَأْذَنَ حَسَّانُ النَّبِيَّ ﷺ فِي هِجَاءِ الْمُشْرِكِينَ. قَالَ: “كَيْفَ بِنَسَبِي؟” فَقَالَ حَسَّانُ: “لَأَسُلَّنَّكَ مِنْهُمْ كَمَا تُسَلُّ الشَّعَرَةُ مِنَ الْعَجِينِ”».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Хассан Пайғамбардан (с.а.с.) мүшріктерді өлеңмен әжуалауға рұқсат сұрады. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Ал менің тегім не болады?” – деді. Хассан: “Сізді олардың арасынан қамырдан қыл суырғандай етіп бөліп шығарамын”, – деді», – деп жеткізді.

بَابُ مَا جَاءَ فِي أَسْمَاءِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ

11-бапАлла Елшісінің (с.а.с.) есімдері туралы

1488
Бұхари, № 1488 · Сахих: 3532Риуаят етуші: Жубәйр ибн Мутғим

عَنْ جُبَيْرِ بْنِ مُطْعِمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لِي خَمْسَةُ أَسْمَاءٍ: أَنَا مُحَمَّدٌ، وَأَنَا أَحْمَدُ، وَأَنَا الْمَاحِي الَّذِي يَمْحُو اللَّهُ بِي الْكُفْرَ، وَأَنَا الْحَاشِرُ الَّذِي يُحْشَرُ النَّاسُ عَلَى قَدَمِي، وَأَنَا الْعَاقِبُ».

Қазақша аудармасы

Жубәйр ибн Мутғим (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Менің бес есімім бар: мен – Мұхаммедпін әрі Ахмадпын. Мен – әл-Махимін: Алла мен арқылы күпірлікті жояды. Мен – әл-Хаширмін: адамдар менің соңымнан жиналады. Мен – әл-Ақибпін, яғни менен кейін пайғамбар болмайды», – дегенін жеткізді.

1489
Бұхари, № 1489 · Сахих: 3533Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَلَا تَعْجَبُونَ كَيْفَ يَصْرِفُ اللَّهُ عَنِّي شَتْمَ قُرَيْشٍ وَلَعْنَهُمْ؟ يَشْتِمُونَ مُذَمَّمًا، وَيَلْعَنُونَ مُذَمَّمًا، وَأَنَا مُحَمَّدٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Құрайыштың мені сөгіп, лағынет айтуын Алланың менен қалай бұрып жіберетініне таңғалмайсыңдар ма? Олар Музаммамды сөгіп, Музаммамға лағынет айтады. Ал мен – Мұхаммедпін”, – деді», – деп жеткізді.

بَابُ خَاتِمِ النَّبِيِّينَ ﷺ

12-бапПайғамбарлардың соңғысы (с.а.с.) туралы

1490
Бұхари, № 1490 · Сахих: 3534Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «مَثَلِي وَمَثَلُ الْأَنْبِيَاءِ كَرَجُلٍ بَنَى دَارًا، فَأَكْمَلَهَا وَأَحْسَنَهَا إِلَّا مَوْضِعَ لَبِنَةٍ، فَجَعَلَ النَّاسُ يَدْخُلُونَهَا وَيَتَعَجَّبُونَ وَيَقُولُونَ: “لَوْلَا مَوْضِعُ اللَّبِنَةِ”».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.): “Менің және өзге пайғамбарлардың жағдайы бір үй салған адамның жағдайына ұқсайды. Ол үйді толық әрі көркем етіп салды, тек бір кірпіштің орны бос қалды. Адамдар сол үйге кіріп, оған таңырқап: ‘Әттең, мына бір кірпіш те орнына қаланғанда ғой!’ – дейтін”, – деді», – деп жеткізді.

1491
Бұхари, № 1491 · Сахих: 3535

وَفِي رِوَايَةٍ عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ زِيَادَةٌ: «إِلَّا مَوْضِعَ لَبِنَةٍ مِنْ زَاوِيَتِهِ…». وَقَالَ فِي آخِرِهِ: «فَأَنَا اللَّبِنَةُ، وَأَنَا خَاتِمُ النَّبِيِّينَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен бір риуаятта: «Тек оның бір бұрышындағы бір кірпіштің орны ғана…» – деген қосымша бар. Ал соңында: «Міне, сол кірпіш – менмін әрі мен – пайғамбарлардың соңғысымын», – деген.

بَابُ وَفَاةِ النَّبِيِّ ﷺ

13-бапПайғамбардың (с.а.с.) қайтыс болуы туралы

1492
Бұхари, № 1492 · Сахих: 3536Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ تُوُفِّيَ وَهُوَ ابْنُ ثَلَاثٍ وَسِتِّينَ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) алпыс үш жасында дүниеден өтті», – деп жеткізді.

بَابٌ

14-бап

1493
Бұхари, № 1493 · Сахих: 3540Риуаят етуші: Саиб ибн Язид

عَنِ السَّائِبِ بْنِ يَزِيدَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ (وَهُوَ ابْنُ أَرْبَعٍ وَتِسْعِينَ جَلْدًا مُعْتَدِلًا): «قَدْ عَلِمْتُ مَا مُتِّعْتُ بِهِ سَمْعِي وَبَصَرِي إِلَّا بِدُعَاءِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، إِنَّ خَالَتِي ذَهَبَتْ بِي إِلَيْهِ، فَقَالَتْ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ ابْنَ أُخْتِي شَاكٍ فَادْعُ اللَّهَ لَهُ”. قَالَ: فَدَعَا لِي».

Қазақша аудармасы

Тоқсан төрт жасында әлі де ширақ, денесі тік әс-Саиб ибн Язид (р.а.) былай деген: «Естуім мен көруімнің сақталуы Алла Елшісінің (с.а.с.) дұғасының арқасы екенін білемін. Нағашы апам мені оның алдына алып барып: “Уа, Расулалла! Менің жиенім ауырып жүр. Ол үшін Аллаға дұға етіңіз”, – деді. Сонда ол мен үшін дұға етті».

بَابُ صِفَةِ النَّبِيِّ ﷺ

15-бапПайғамбардың (с.а.с.) сипаттары туралы

1494
Бұхари, № 1494 · Сахих: 3542Риуаят етуші: Уқба ибн әл-Харис

عَنْ عُقْبَةَ بْنِ الْحَارِثِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «صَلَّى أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ الْعَصْرَ، ثُمَّ خَرَجَ يَمْشِي، فَرَأَى الْحَسَنَ يَلْعَبُ مَعَ الصِّبْيَانِ، فَحَمَلَهُ عَلَى عَاتِقِهِ، وَقَالَ: “بِأَبِي شَبِيهٌ بِالنَّبِيِّ لَا شَبِيهٌ بِعَلِيٍّ”، وَعَلِيٌّ يَضْحَكُ».

Қазақша аудармасы

Ұқба ибн әл-Харис (р.а.) былай деген: «Әбу Бәкір (р.а.) екінті намазын оқып болған соң, сыртқа шығып, жаяу кетіп бара жатты. Ол балалармен ойнап жүрген Хасанды көріп, оны иығына көтеріп алды да: “Әкем саған құрбан болсын! Сен Әлиге емес, Пайғамбарға ұқсайсың”, – деді. Ал Әли күліп тұрды».

1495
Бұхари, № 1495 · Сахих: 3544Риуаят етуші: Әбу Жухайфа

عَنْ أَبِي جُحَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «رَأَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ وَكَانَ الْحَسَنُ بْنُ عَلِيٍّ يُشْبِهُهُ». قُلْتُ لِأَبِي جُحَيْفَةَ: «صِفْهُ لِي». قَالَ: «كَانَ أَبْيَضَ قَدْ شَمِطَ، وَأَمَرَ لَنَا النَّبِيُّ ﷺ بِثَلَاثَ عَشْرَةَ قَلُوصًا. قَالَ: فَقُبِضَ النَّبِيُّ ﷺ قَبْلَ أَنْ نَقْبِضَهَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Жухайфа (р.а.): «Мен Пайғамбарды (с.а.с.) көрдім. Хасан ибн Әли оған ұқсайтын», – деген. Әбу Жухайфадан: «Оны маған сипаттап берші», – деп сұрағанда: «Ол ақ өңді, шашына ақ түскен кісі еді. Пайғамбар (с.а.с.) бізге он үш бас жас ұрғашы түйе беруді бұйырған болатын. Алайда біз оларды алып үлгермей тұрып, Пайғамбар (с.а.с.) дүниеден өтті», – деген.

1496
Бұхари, № 1496 · Сахих: 3546Риуаят етуші: Абдулла ибн Буср

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ بُسْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ صَاحِبِ النَّبِيِّ ﷺ قِيلَ لَهُ: «أَرَأَيْتَ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ شَيْخًا؟» قَالَ: «كَانَ فِي عَنْفَقَتِهِ شَعَرَاتٌ بِيضٌ».

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) сахабасы Абдулла ибн Бусрға (р.а.): «Пайғамбарды (с.а.с.) көрдің бе? Ол қартайған кісі ме еді?» – деп сұрақ қойылғанда: «Төменгі ерні мен иегінің арасындағы шоқ сақалында бірнеше тал ақ түк бар еді», – деп жауап берген.

1497
Бұхари, № 1497 · Сахих: 3547Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ ﷺ رَبْعَةً مِنَ الْقَوْمِ، لَيْسَ بِالطَّوِيلِ وَلَا بِالْقَصِيرِ، أَزْهَرَ اللَّوْنِ، لَيْسَ بِأَبْيَضَ أَمْهَقَ وَلَا آدَمَ، لَيْسَ بِجَعْدٍ قَطَطٍ وَلَا سَبْطٍ رَجِلٍ، أُنْزِلَ عَلَيْهِ وَهُوَ ابْنُ أَرْبَعِينَ، فَلَبِثَ بِمَكَّةَ عَشْرَ سِنِينَ يُنْزَلُ عَلَيْهِ، وَبِالْمَدِينَةِ عَشْرَ سِنِينَ، وَقُبِضَ وَلَيْسَ فِي رَأْسِهِ وَلِحْيَتِهِ عِشْرُونَ شَعَرَةً بَيْضَاءَ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) орта бойлы еді: тым ұзын да, тым аласа да емес-тін. Өңі қызыл шырайлы еді: тым аппақ та, қараторы да емес-тін. Шашы тым бұйра да, тіп-тік те емес еді. Оған қырық жасында уахи түсті. Содан кейін Меккеде он жыл бойы уахи алып тұрды, Мәдинада да он жыл өмір сүрді. Қайтыс болған кезінде басы мен сақалындағы ақ талдардың саны жиырмаға да жетпейтін».

1498
Бұхари, № 1498 · Сахих: 3548

وَفِي رِوَايَةٍ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لَيْسَ بِالطَّوِيلِ الْبَائِنِ وَلَا بِالْقَصِيرِ، وَلَا بِالْأَبْيَضِ الْأَمْهَقِ، وَلَيْسَ بِالْآدَمِ، وَلَيْسَ بِالْجَعْدِ الْقَطَطِ وَلَا بِالسَّبْطِ. بَعَثَهُ اللَّهُ عَلَى رَأْسِ أَرْبَعِينَ سَنَةً». وَذَكَرَ تَمَامَ الْحَدِيثِ.

Қазақша аудармасы

Одан жеткен бір риуаятта былай делінген: «Алла Елшісі (с.а.с.) тым ұзын да, тым аласа да емес еді. Өңі тым аппақ та, қараторы да емес-тін. Шашы қатты бұйра да, тіп-тік те емес еді. Алла оны қырық жасқа толған шағында пайғамбар етіп жіберді». Содан кейін хадистің қалған бөлігін баяндаған.

1499
Бұхари, № 1499 · Сахих: 3549Риуаят етуші: Бәра

عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَحْسَنَ النَّاسِ وَجْهًا وَأَحْسَنَهُ خَلْقًا، لَيْسَ بِالطَّوِيلِ الْبَائِنِ وَلَا بِالْقَصِيرِ».

Қазақша аудармасы

Бәра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) адамдардың ішіндегі жүзі ең көркем, дене бітімі ең келісті жан еді. Ол тым ұзын да, тым аласа да емес-тін».

1500
Бұхари, № 1500 · Сахих: 3550Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ سُئِلَ: «هَلْ خَضَبَ النَّبِيُّ ﷺ؟» قَالَ: «لَا، إِنَّمَا كَانَ شَيْءٌ فِي صُدْغَيْهِ».

Қазақша аудармасы

Әнәстен (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) шашын бояған ба еді?» – деп сұралғанда: «Жоқ. Оның самай тұсында аз ғана ақ шашы бар еді», – деген.

1501
Бұхари, № 1501 · Сахих: 3551Риуаят етуші: Бәра

عَنِ الْبَرَاءِ بْنِ عَازِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ «مَرْبُوعًا، بَعِيدَ مَا بَيْنَ الْمَنْكِبَيْنِ، لَهُ شَعَرٌ يَبْلُغُ شَحْمَةَ أُذُنِهِ، رَأَيْتُهُ فِي حُلَّةٍ حَمْرَاءَ. لَمْ أَرَ شَيْئًا قَطُّ أَحْسَنَ مِنْهُ».

Қазақша аудармасы

Бәра ибн Азиб (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) орта бойлы, екі иығының арасы кең еді. Шашы құлағының сырғалығына дейін жететін. Мен оны қызыл киім киген күйінде көрдім. Одан көрікті ешкімді ешқашан көрген емеспін».

1502
Бұхари, № 1502 · Сахих: 3552

وَفِي رِوَايَةٍ عَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قِيلَ لَهُ: «أَكَانَ وَجْهُ النَّبِيِّ ﷺ مِثْلَ السَّيْفِ؟» قَالَ: «لَا، بَلْ مِثْلَ الْقَمَرِ».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен бір риуаятта оған: «Пайғамбардың (с.а.с.) жүзі қылыштай ма еді?» – деп сұралғаны айтылған. Ол: «Жоқ, айдай еді», – деген.

1503
Бұхари, № 1503 · Сахих: 3553Риуаят етуші: Әбу Жухайфа

عَنْ أَبِي جُحَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ رَأَى النَّبِيَّ ﷺ يُصَلِّي بِالْبَطْحَاءِ وَبَيْنَ يَدَيْهِ عَنَزَةٌ. قَدْ تَقَدَّمَ هَذَا الْحَدِيثُ، وَفِي هَذِهِ الرِّوَايَةِ قَالَ: «فَجَعَلَ النَّاسُ يَأْخُذُونَ يَدَيْهِ فَيَمْسَحُونَ بِهَا وُجُوهَهُمْ. قَالَ: فَأَخَذْتُ بِيَدِهِ فَوَضَعْتُهَا عَلَى وَجْهِي، فَإِذَا هِيَ أَبْرَدُ مِنَ الثَّلْجِ وَأَطْيَبُ رَائِحَةً مِنَ الْمِسْكِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Жухайфаның (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) Батхада намаз оқып тұрғанын, алдында қысқа найза болғанын көргені туралы хадис бұған дейін келтірілген. Ал мына риуаятта ол: «Адамдар Пайғамбардың (с.а.с.) қолдарын ұстап, оның қолдарымен өз жүздерін сипай бастады. Мен де оның қолын ұстап, жүзіме қойдым. Оның қолы қардан да салқын, мисктен де хош иісті еді», – деген.

1504
Бұхари, № 1504 · Сахих: 3557Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «بُعِثْتُ مِنْ خَيْرِ قُرُونِ بَنِي آدَمَ، قَرْنًا فَقَرْنًا، حَتَّى كُنْتُ مِنَ الْقَرْنِ الَّذِي كُنْتُ فِيهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.): «Мен Адам ұрпағының бірінен соң бірі жалғасқан ең қайырлы буындарының арасынан таңдалып, өзім өмір сүрген буында жіберілдім», – дегенін жеткізді.

1505
Бұхари, № 1505 · Сахих: 3558Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَسْدِلُ شَعَرَهُ، وَكَانَ الْمُشْرِكُونَ يَفْرُقُونَ رُؤُوسَهُمْ، فَكَانَ أَهْلُ الْكِتَابِ يَسْدِلُونَ رُؤُوسَهُمْ، وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يُحِبُّ مُوَافَقَةَ أَهْلِ الْكِتَابِ فِيمَا لَمْ يُؤْمَرْ فِيهِ بِشَيْءٍ، ثُمَّ فَرَقَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ رَأْسَهُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.) шашын айырмай, төмен түсіріп қоятын. Ал мүшріктер шаштарын екіге айырып тарайтын. Кітап иелері де шаштарын айырмай түсіріп қоятын. Алла Елшісі (с.а.с.) өзіне нақты бір бұйрық берілмеген істерде Кітап иелеріне сәйкес келуді ұнататын. Кейін Алла Елшісі (с.а.с.) шашын екіге айырып тарайтын болды», – деп жеткізді.

1506
Бұхари, № 1506 · Сахих: 3559Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرٍو رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «لَمْ يَكُنِ النَّبِيُّ ﷺ فَاحِشًا وَلَا مُتَفَحِّشًا، وَكَانَ يَقُولُ: “إِنَّ مِنْ خِيَارِكُمْ أَحْسَنَكُمْ أَخْلَاقًا”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) арсыз сөз айтпайтын әрі әдейі арсыздыққа бармайтын. Ол: “Расында, араларыңдағы ең жақсыларың – мінез-құлқы ең көркемдерің”, – дейтін».

1507
Бұхари, № 1507 · Сахих: 3560Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّهَا قَالَتْ: «مَا خُيِّرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بَيْنَ أَمْرَيْنِ إِلَّا أَخَذَ أَيْسَرَهُمَا، مَا لَمْ يَكُنْ إِثْمًا، فَإِنْ كَانَ إِثْمًا كَانَ أَبْعَدَ النَّاسِ مِنْهُ، وَمَا اِنْتَقَمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ لِنَفْسِهِ إِلَّا أَنْ تُنْتَهَكَ حُرْمَةُ اللَّهِ، فَيَنْتَقِمُ لِلَّهِ بِهَا».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай деген: «Алла Елшісіне (с.а.с.) екі істің бірін таңдау ұсынылса, күнә болмаса, әрдайым екеуінің жеңілін таңдайтын. Ал егер ол күнәлі іс болса, адамдардың ішінде одан ең аулақ тұратыны өзі еді. Алла Елшісі (с.а.с.) жеке басына жасалған қиянат үшін ешқашан кек қайтармайтын. Тек Алланың тыйымы бұзылған жағдайда ғана Алла үшін жаза қолданатын».

1508
Бұхари, № 1508 · Сахих: 3561Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «مَا مَسِسْتُ حَرِيرًا وَلَا دِيبَاجًا أَلْيَنَ مِنْ كَفِّ النَّبِيِّ ﷺ، وَلَا شَمِمْتُ رِيحًا قَطُّ أَوْ عَرْفًا قَطُّ أَطْيَبَ مِنْ رِيحِ أَوْ عَرْفِ النَّبِيِّ ﷺ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Мен Пайғамбардың (с.а.с.) алақанынан да жұмсақ жібек пен қалың жібек матаны ешқашан ұстап көрген емеспін. Сондай-ақ Пайғамбардың (с.а.с.) иісінен де хош ешбір иісті иіскеген емеспін».

1509
Бұхари, № 1509 · Сахих: 3562Риуаят етуші: Әбу Сағид

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ النَّبِيُّ ﷺ أَشَدَّ حَيَاءً مِنَ الْعَذْرَاءِ فِي خِدْرِهَا». وَفِي رِوَايَةٍ: «وَإِذَا كَرِهَ شَيْئًا عُرِفَ فِي وَجْهِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) оңаша бөлмесіндегі бойжеткен қыздан да ұялшақ еді». Бір риуаятта: «Ол бір нәрсені ұнатпаса, оны жүзінен-ақ байқауға болатын», – делінген.

1510
Бұхари, № 1510 · Сахих: 3563Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «مَا عَابَ النَّبِيُّ ﷺ طَعَامًا قَطُّ. إِنِ اِشْتَهَاهُ أَكَلَهُ وَإِلَّا تَرَكَهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Пайғамбар (с.а.с.) ешқашан тағамды жамандаған емес. Ұнатса, жейтін, ал ұнатпаса, қоя салатын», – деді.

1511
Бұхари, № 1511 · Сахих: 3567Риуаят етуші: Айша

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا «أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ يُحَدِّثُ حَدِيثًا لَوْ عَدَّهُ الْعَادُّ لَأَحْصَاهُ».

Қазақша аудармасы

Айшаның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) сөйлегенде, сөздерін біреу санап отырса, түгел санап үлгерер еді.

1512
Бұхари, № 1512 · Сахих: 3568Риуаят етуші: Айша

وَعَنْهَا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «إِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ لَمْ يَكُنْ يَسْرُدُ الْحَدِيثَ كَسَرْدِكُمْ».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда: «Алла Елшісі (с.а.с.) сендер секілді сөзін тез-тез тізбектеп айтпайтын», – делінген.

بَابُ: كَانَ النَّبِيُّ ﷺ تَنَامُ عَيْنُهُ وَلَا يَنَامُ قَلْبُهُ

16-бапПайғамбардың (с.а.с.) көзі ұйықтағанымен, жүрегі ұйықтамайтыны туралы

1513
Бұхари, № 1513 · Сахих: 3570Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يُحَدِّثُ عَنْ لَيْلَةِ أُسْرِيَ بِالنَّبِيِّ ﷺ مِنْ مَسْجِدِ الْكَعْبَةِ: «جَاءَهُ ثَلَاثَةُ نَفَرٍ قَبْلَ أَنْ يُوحَى إِلَيْهِ وَهُوَ نَائِمٌ فِي مَسْجِدِ الْحَرَامِ، فَقَالَ أَوَّلُهُمْ: “أَيُّهُمْ هُوَ؟” فَقَالَ أَوْسَطُهُمْ: “هُوَ خَيْرُهُمْ”. وَقَالَ آخِرُهُمْ: “خُذُوا خَيْرَهُمْ”. فَكَانَتْ تِلْكَ. فَلَمْ يَرَهُمْ حَتَّى جَاءُوا لَيْلَةً أُخْرَى فِيمَا يَرَى قَلْبُهُ، وَالنَّبِيُّ ﷺ نَائِمَةٌ عَيْنَاهُ وَلَا يَنَامُ قَلْبُهُ، وَكَذَلِكَ الْأَنْبِيَاءُ تَنَامُ أَعْيُنُهُمْ وَلَا تَنَامُ قُلُوبُهُمْ، فَتَوَلَّاهُ جِبْرِيلُ ثُمَّ عَرَجَ بِهِ إِلَى السَّمَاءِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) Қағба мешітінен Исра сапарына шығарылған түні туралы былай деп жеткізген: «Оған уахи түспей тұрған кезде, Харам мешітінде ұйықтап жатқанында үш адам келді. Олардың біріншісі: “Осылардың қайсысы – сол?” – деді. Ортадағысы: “Осылардың ең жақсысы – осы”, – деді. Соңғысы: “Ең жақсысын алыңдар”, – деді. Осы жолғы оқиға осымен аяқталды. Кейін олар басқа бір түні қайта келгенге дейін Пайғамбар (с.а.с.) оларды көрмеді. Сол кезде оның жүрегі көріп тұрды. Пайғамбардың (с.а.с.) көздері ұйықтағанымен, жүрегі ұйықтамайтын. Өзге пайғамбарлардың да көздері ұйықтайды, ал жүректері ұйықтамайды. Содан кейін Жәбірейіл оны өз қамқорлығына алып, көкке көтерді».

بَابُ عَلَامَاتِ النُّبُوَّةِ فِي الْإِسْلَامِ

17-бапИсламдағы пайғамбарлықтың белгілері туралы

1514
Бұхари, № 1514 · Сахих: 3572Риуаят етуші: Әнәс

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أُتِيَ النَّبِيُّ ﷺ بِإِنَاءٍ وَهُوَ بِالزَّوْرَاءِ، فَوَضَعَ يَدَهُ فِي الْإِنَاءِ، فَجَعَلَ الْمَاءُ يَنْبُعُ مِنْ بَيْنِ أَصَابِعِهِ، فَتَوَضَّأَ الْقَوْمُ». قِيلَ لِأَنَسٍ: «كَمْ كُنْتُمْ؟» قَالَ: «ثَلَاثَ مِائَةٍ أَوْ زُهَاءَ ثَلَاثِ مِائَةٍ».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Пайғамбарға (с.а.с.) әз-Заурада тұрған кезінде бір ыдыс әкелінді. Ол қолын ыдысқа салғанда, саусақтарының арасынан су бұрқылдап шыға бастады. Сөйтіп, адамдар дәрет алды». Әнәстен: «Сендер қанша адам едіңдер?» – деп сұралғанда: «Үш жүз немесе үш жүзге жуық едік», – деген.

1515
Бұхари, № 1515 · Сахих: 3579

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنَّا نَعُدُّ الْآيَاتِ بَرَكَةً، وَأَنْتُمْ تَعُدُّونَهَا تَخْوِيفًا، كُنَّا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي سَفَرٍ، فَقَلَّ الْمَاءُ، فَقَالَ: “اُطْلُبُوا فَضْلَةً مِنْ مَاءٍ”. فَجَاءُوا بِإِنَاءٍ فِيهِ مَاءٌ قَلِيلٌ، فَأَدْخَلَ يَدَهُ فِي الْإِنَاءِ، ثُمَّ قَالَ: “حَيَّ عَلَى الطَّهُورِ الْمُبَارَكِ، وَالْبَرَكَةُ مِنَ اللَّهِ”. فَلَقَدْ رَأَيْتُ الْمَاءَ يَنْبُعُ مِنْ بَيْنِ أَصَابِعِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَلَقَدْ كُنَّا نَسْمَعُ تَسْبِيحَ الطَّعَامِ وَهُوَ يُؤْكَلُ».

Қазақша аудармасы

Абдулла (р.а.) былай деген: «Біз мұғжизаларды береке деп санайтынбыз, ал сендер оларды қорқыту белгісі деп санайсыңдар. Біз Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге бір сапарда едік. Су азайып қалды. Сонда ол: “Қалған суды іздеп табыңдар”, – деді. Олар ішінде аз ғана суы бар бір ыдыс әкелді. Ол қолын ыдысқа салды да: “Берекелі дәрет суына келіңдер! Береке – Алладан”, – деді. Мен Алла Елшісінің (с.а.с.) саусақтарының арасынан судың атқылап шыққанын өз көзіммен көрдім. Сондай-ақ ас ішіп отырғанымызда, тамақтың тәсбих айтқанын да еститінбіз».

1516
Бұхари, № 1516 · Сахих: 3587, 3589Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى تُقَاتِلُوا قَوْمًا نِعَالُهُمُ الشَّعَرُ». وَقَدْ تَقَدَّمَ الْحَدِيثُ بِطُولِهِ. وَقَالَ فِي آخِرِ هَذِهِ الرِّوَايَةِ: «وَلَيَأْتِيَنَّ عَلَى أَحَدِكُمْ زَمَانٌ لَأَنْ يَرَانِي أَحَبُّ إِلَيْهِ مِنْ أَنْ يَكُونَ لَهُ مِثْلُ أَهْلِهِ وَمَالِهِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хабарда Пайғамбар (с.а.с.): «Аяқкиімдері жүннен жасалған бір қауыммен соғыспайынша, қиямет болмайды», – деген. Бұл хадис бұған дейін толық келтірілген. Осы риуаяттың соңында: «Сендердің бірің үшін мені көру өз отбасы мен мал-мүлкіне тең келер игілікке ие болудан да қымбат болатын заман міндетті түрде келеді», – деген.

1517
Бұхари, № 1517 · Сахих: 3590Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «لَا تَقُومُ السَّاعَةُ حَتَّى تُقَاتِلُوا خُوزًا وَكَرْمَانَ مِنَ الْأَعَاجِمِ حُمْرَ الْوُجُوهِ، فُطْسَ الْأُنُوفِ، صِغَارَ الْأَعْيُنِ كَأَنَّ وُجُوهَهُمُ الْمَجَانُّ الْمُطْرَقَةُ، نِعَالُهُمُ الشَّعَرُ».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Сендер араб емес жұрттан болған Хуз бен Кирман халқымен соғыспайынша, қиямет болмайды. Олардың жүздері қызыл, мұрындары жалпақ, көздері кішкентай болады. Жүздері терімен қапталған қалқандар секілді, ал аяқкиімдері жүннен болады».

1518
Бұхари, № 1518 · Сахих: 3604Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يُهْلِكُ النَّاسَ هَذَا الْحَيُّ مِنْ قُرَيْشٍ». قَالُوا: «فَمَا تَأْمُرُنَا؟» قَالَ: «لَوْ أَنَّ النَّاسَ اِعْتَزَلُوهُمْ».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Адамдарды Құрайыштың мына бір тобы құрдымға жібереді”, – деді. Олар: “Онда бізге не істеуді бұйырасыз?” – деп сұрады. Ол: “Адамдар олардан аулақ жүрсе ғой”, – деді».

1519
Бұхари, № 1519 · Сахих: 3605Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ أَيْضًا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فِي رِوَايَةٍ قَالَ: «سَمِعْتُ الصَّادِقَ الْمَصْدُوقَ يَقُولُ: “هَلَاكُ أُمَّتِي عَلَى يَدَيْ غِلْمَةٍ مِنْ قُرَيْشٍ”. إِنْ شِئْتَ أَنْ أُسَمِّيَهُمْ بَنِي فُلَانٍ وَبَنِي فُلَانٍ».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен тағы бір риуаятта былай делінген: «Шыншыл әрі шындығы расталған Пайғамбардың (с.а.с.): “Үмбетімнің құрдымға ұшырауы Құрайыштан шыққан жас жігіттердің қолынан болады”, – дегенін естідім. Қаласаң, оларды: “Пәленшенің ұлдары, пәленшенің ұлдары”, – деп атап бере аламын».

1520
Бұхари, № 1520 · Сахих: 3606Риуаят етуші: Хузайфа

عَنْ حُذَيْفَةَ بْنِ الْيَمَانِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «كَانَ النَّاسُ يَسْأَلُونَ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ عَنِ الْخَيْرِ، وَكُنْتُ أَسْأَلُهُ عَنِ الشَّرِّ مَخَافَةَ أَنْ يُدْرِكَنِي، فَقُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّا كُنَّا فِي جَاهِلِيَّةٍ وَشَرٍّ، فَجَاءَنَا اللَّهُ بِهَذَا الْخَيْرِ، فَهَلْ بَعْدَ هَذَا الْخَيْرِ مِنْ شَرٍّ؟” قَالَ: “نَعَمْ”. قُلْتُ: “وَهَلْ بَعْدَ ذَلِكَ الشَّرِّ مِنْ خَيْرٍ؟” قَالَ: “نَعَمْ، وَفِيهِ دَخَنٌ”. قُلْتُ: “وَمَا دَخَنُهُ؟” قَالَ: “قَوْمٌ يَهْدُونَ بِغَيْرِ هَدْيِي، تَعْرِفُ مِنْهُمْ وَتُنْكِرُ”.

قُلْتُ: “فَهَلْ بَعْدَ ذَلِكَ الْخَيْرِ مِنْ شَرٍّ؟” قَالَ: “نَعَمْ، دُعَاةٌ إِلَى أَبْوَابِ جَهَنَّمَ، مَنْ أَجَابَهُمْ إِلَيْهَا قَذَفُوهُ فِيهَا”. قُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، صِفْهُمْ لَنَا” فَقَالَ: “هُمْ مِنْ جِلْدَتِنَا، وَيَتَكَلَّمُونَ بِأَلْسِنَتِنَا”. قُلْتُ: “فَمَا تَأْمُرُنِي إِنْ أَدْرَكَنِي ذَلِكَ؟” قَالَ: “تَلْزَمُ جَمَاعَةَ الْمُسْلِمِينَ وَإِمَامَهُمْ”. قُلْتُ: “فَإِنْ لَمْ يَكُنْ لَهُمْ جَمَاعَةٌ وَلَا إِمَامٌ؟” قَالَ: “فَاعْتَزِلْ تِلْكَ الْفِرَقَ كُلَّهَا، وَلَوْ أَنْ تَعَضَّ بِأَصْلِ شَجَرَةٍ، حَتَّى يُدْرِكَكَ الْمَوْتُ وَأَنْتَ عَلَى ذَلِكَ”».

Қазақша аудармасы

Хузайфа ибн әл-Йаман (р.а.) былай деген: «Адамдар Алла Елшісінен (с.а.с.) жақсылық туралы сұрайтын, ал мен жамандыққа ұрынып қалудан қорқып, одан жамандық туралы сұрайтынмын. Мен: “Уа, Расулалла! Біз жаһилия мен жамандықтың ортасында едік. Кейін Алла бізге осы жақсылықты нәсіп етті. Осы жақсылықтан кейін жамандық бола ма?” – деп сұрадым. Ол: “Иә”, – деді. Мен: “Сол жамандықтан кейін қайтадан жақсылық бола ма?” – дедім. Ол: “Иә, бірақ оған бүліншілік араласады”, – деді. Мен: “Оған қандай бүліншілік араласады?” – деп сұрадым. Ол: “Менің жолымнан өзге жолға бастайтын адамдар болады. Олардың кейбір істерін дұрыс деп танисың, кейбірін теріс көресің”, – деді. Мен: “Сол жақсылықтан кейін тағы да жамандық бола ма?” – деп сұрадым. Ол: “Иә. Тозақтың қақпаларына шақыратын адамдар болады. Кім олардың шақыруына ерсе, оны тозаққа тастайды”, – деді. Мен: “Уа, Расулалла! Оларды бізге сипаттап беріңізші”, – дедім. Ол: “Олар – өз ортамыздан шыққан адамдар әрі біздің тілімізде сөйлейді”, – деді. Мен: “Егер сол заманға жетсем, маған не істеуді бұйырасыз?” – деп сұрадым. Ол: “Мұсылмандардың жамағаты мен олардың имамынан ажырама”, – деді. Мен: “Ал егер олардың жамағаты да, имамы да болмаса ше?” – дедім. Ол: “Онда сол топтардың бәрінен аулақ бол. Тіпті бір ағаштың тамырын тістеп ұстап қалуға тура келсе де, сол күйіңде өлім жеткенше олардан аулақ бол”, – деді».

1521
Бұхари, № 1521 · Сахих: 3611Риуаят етуші: Әли

عَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «إِذَا حَدَّثْتُكُمْ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَلَأَنْ أَخِرَّ مِنَ السَّمَاءِ أَحَبُّ إِلَيَّ مِنْ أَنْ أَكْذِبَ عَلَيْهِ، وَإِذَا حَدَّثْتُكُمْ فِيمَا بَيْنِي وَبَيْنَكُمْ، فَإِنَّ الْحَرْبَ خَدْعَةٌ. سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “يَأْتِي فِي آخِرِ الزَّمَانِ قَوْمٌ، حُدَثَاءُ الْأَسْنَانِ، سُفَهَاءُ الْأَحْلَامِ، يَقُولُونَ مِنْ خَيْرِ قَوْلِ الْبَرِيَّةِ، يَمْرُقُونَ مِنَ الْإِسْلَامِ كَمَا يَمْرُقُ السَّهْمُ مِنَ الرَّمِيَّةِ، لَا يُجَاوِزُ إِيمَانُهُمْ حَنَاجِرَهُمْ، فَأَيْنَمَا لَقِيتُمُوهُمْ فَاقْتُلُوهُمْ، فَإِنَّ فِي قَتْلِهِمْ أَجْرًا لِمَنْ قَتَلَهُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ”».

Қазақша аудармасы

Әли (р.а.) былай деген: «Мен сендерге Алла Елшісінен (с.а.с.) хадис айтқанда, оған өтірік телігеннен гөрі көктен құлап түскенді артық көремін. Ал өзім мен сендердің арамыздағы мәселелерді айтсам, соғыс – айла. Алла Елшісінің (с.а.с.): “Ақыр заманда жастары кіші, ақылдары таяз бір қауым шығады. Олар адамдар айтатын ең жақсы сөздерді айтады. Бірақ исламнан жебе нысананы тесіп өткендей шығып кетеді. Имандары көмейлерінен әрі аспайды. Оларды қай жерде кездестірсеңдер, өлтіріңдер. Өйткені оларды өлтірген адамға қиямет күні сауап бар”, – дегенін естідім».

1522
Бұхари, № 1522 · Сахих: 3612Риуаят етуші: Хаббаб ибн әл-Әрат

عَنْ خَبَّابِ بْنِ الْأَرَتِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «شَكَوْنَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَهُوَ مُتَوَسِّدٌ بُرْدَةً لَهُ فِي ظِلِّ الْكَعْبَةِ، قُلْنَا لَهُ: “أَلَا تَسْتَنْصِرُ لَنَا؟ أَلَا تَدْعُو اللَّهَ لَنَا؟” قَالَ: “كَانَ الرَّجُلُ فِيمَنْ قَبْلَكُمْ يُحْفَرُ لَهُ فِي الْأَرْضِ، فَيُجْعَلُ فِيهِ، فَيُجَاءُ بِالْمِنْشَارِ فَيُوضَعُ عَلَى رَأْسِهِ فَيُشَقُّ بِاثْنَتَيْنِ، وَمَا يَصُدُّهُ ذَلِكَ عَنْ دِينِهِ، وَيُمْشَطُ بِأَمْشَاطِ الْحَدِيدِ مَا دُونَ لَحْمِهِ مِنْ عَظْمٍ أَوْ عَصَبٍ، وَمَا يَصُدُّهُ ذَلِكَ عَنْ دِينِهِ، وَاللَّهِ لَيُتِمَّنَّ هَذَا الْأَمْرَ حَتَّى يَسِيرَ الرَّاكِبُ مِنْ صَنْعَاءَ إِلَى حَضْرَمَوْتَ، لَا يَخَافُ إِلَّا اللَّهَ أَوِ الذِّئْبَ عَلَى غَنَمِهِ، وَلَكِنَّكُمْ تَسْتَعْجِلُونَ”».

Қазақша аудармасы

Хаббаб ибн әл-Әрат (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Қағбаның көлеңкесінде шапанын жастанып жатқанда, біз оған көріп жүрген қиындықтарымызды айтып: “Біз үшін Алладан жәрдем тілемейсіз бе? Біз үшін Аллаға дұға етпейсіз бе?” – дедік. Сонда ол (с.а.с.): “Сендерден бұрынғы қауымдарда бір адам үшін жерден шұңқыр қазылып, оны соған отырғызатын. Содан кейін ара әкелініп, басының үстіне қойылатын да, денесі екіге бөлінетін. Бірақ мұның өзі оны дінінен қайтара алмайтын. Сондай-ақ денесін темір тарақтармен тарағанда, сүйегі мен сіңіріне дейінгі еті сылынып түсетін. Бірақ бұл да оны дінінен қайтара алмайтын. Алланың атымен ант етемін, бұл іс міндетті түрде кемеліне жетеді. Тіпті салт атты адам Санғадан Хадрамаутқа дейін Алладан өзге ешкімнен қорықпастан, тек қойына қасқыр шауып кете ме деп қана қауіптеніп жүретін болады. Бірақ сендер асығасыңдар”, – деді».

1523
Бұхари, № 1523 · Сахих: 3613Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ اِفْتَقَدَ ثَابِتَ بْنَ قَيْسٍ، فَقَالَ رَجُلٌ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَنَا أَعْلَمُ لَكَ عِلْمَهُ”، فَأَتَاهُ فَوَجَدَهُ جَالِسًا فِي بَيْتِهِ، مُنَكِّسًا رَأْسَهُ، فَقَالَ: “مَا شَأْنُكَ؟” فَقَالَ: “شَرٌّ”، كَانَ يَرْفَعُ صَوْتَهُ فَوْقَ صَوْتِ النَّبِيِّ ﷺ، فَقَدْ حَبِطَ عَمَلُهُ، وَهُوَ مِنْ أَهْلِ النَّارِ، فَأَتَى الرَّجُلُ فَأَخْبَرَهُ أَنَّهُ قَالَ كَذَا وَكَذَا، فَرَجَعَ الْمَرَّةَ الْآخِرَةَ بِبِشَارَةٍ عَظِيمَةٍ، فَقَالَ: “اِذْهَبْ إِلَيْهِ، فَقُلْ لَهُ: ‘إِنَّكَ لَسْتَ مِنْ أَهْلِ النَّارِ، وَلَكِنْ مِنْ أَهْلِ الْجَنَّةِ’”».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.) Сәбит ибн Қайсты көрмей қалып, оның қайда екенін сұрады. Сонда бір адам: “Уа, Расулалла! Мен оның жағдайын біліп келейін”, – деді. Ол Сәбитке барып, оның үйінде басын салбыратып отырғанын көрді де: “Саған не болды?” – деп сұрады. Сәбит: “Жағдайым жаман. Мен дауысымды Пайғамбардың (с.а.с.) дауысынан жоғары көтеретін едім. Енді амалдарым зая кетті, өзім тозақ иелерінің қатарына кірдім”, – деді. Әлгі адам Пайғамбарға (с.а.с.) қайтып келіп, Сәбиттің осылай-осылай дегенін хабарлады. Ол соңғы рет аса үлкен сүйіншімен қайтып барды. Өйткені Пайғамбар (с.а.с.) оған: “Оған бар да: ‘Сен тозақ иелерінен емессің, керісінше, жәннат иелеріненсің’, – деп айт”, – деген еді».

1524
Бұхари, № 1524 · Сахих: 3614Риуаят етуші: Бәра

عَنِ الْبَرَاءِ بْنِ عَازِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَرَأَ رَجُلٌ الْكَهْفَ وَفِي الدَّارِ الدَّابَّةُ، فَجَعَلَتْ تَنْفِرُ، فَسَلَّمَ، فَإِذَا ضَبَابَةٌ أَوْ سَحَابَةٌ غَشِيَتْهُ، فَذَكَرَهُ لِلنَّبِيِّ ﷺ، فَقَالَ: “اِقْرَأْ، فُلَانُ، فَإِنَّهَا السَّكِينَةُ نَزَلَتْ لِلْقُرْآنِ”، أَوْ “تَنَزَّلَتْ لِلْقُرْآنِ”».

Қазақша аудармасы

Бәра ибн Азиб (р.а.) былай деген: «Бір адам “Кәһф” сүресін оқып отыр еді. Аулада аты тұрған еді. Ол үркіп, тулай бастады. Әлгі адам Алладан амандық тіледі. Сол кезде оны тұман немесе бұлт тәрізді бір нәрсе бүркеп алды. Ол бұл жайды Пайғамбарға (с.а.с.) айтып берді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Оқи бер, пәленше! Бұл – Құран оқылғаны үшін түскен тыныштық” – немесе: “Құран үшін түсіп келген” – деді».

1525
Бұхари, № 1525 · Сахих: 3616Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ دَخَلَ عَلَى أَعْرَابِيٍّ يَعُودُهُ وَكَانَ النَّبِيُّ ﷺ إِذَا دَخَلَ عَلَى مَرِيضٍ يَعُودُهُ قَالَ: “لَا بَأْسَ، طَهُورٌ إِنْ شَاءَ اللَّهُ تَعَالَى”، فَقَالَ لَهُ: “لَا بَأْسَ، طَهُورٌ إِنْ شَاءَ اللَّهُ تَعَالَى”. قَالَ: قُلْتُ: “طَهُورٌ؟ كَلَّا، بَلْ هِيَ حُمَّى تَفُورُ عَلَى شَيْخٍ كَبِيرٍ، تُزِيرُهُ الْقُبُورَ”، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: “فَنَعَمْ، إِذًا”».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.) науқастанып жатқан бір бәдәуидің көңілін сұрап кірді. Пайғамбар (с.а.с.) науқастың көңілін сұрауға кіргенде: «Ештеңе етпейді, Алла қаласа, бұл – күнәдан тазару», – дейтін. Сол жолы да оған: «Ештеңе етпейді, Алла қаласа, бұл – күнәдан тазару», – деді. Әлгі адам: «Күнәдан тазару дейсіз бе? Жоқ, бұл – қарт адамның бойында қайнап тұрған қызба. Ол оны қабірге апарады», – деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Онда солай болсын», – деді.

1526
Бұхари, № 1526 · Сахих: 3617Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ رَجُلٌ نَصْرَانِيًّا فَأَسْلَمَ، وَقَرَأَ الْبَقَرَةَ وَآلَ عِمْرَانَ، فَكَانَ يَكْتُبُ لِلنَّبِيِّ ﷺ، فَعَادَ نَصْرَانِيًّا، فَكَانَ يَقُولُ: “مَا يَدْرِي مُحَمَّدٌ إِلَّا مَا كَتَبْتُ لَهُ”.

فَأَمَاتَهُ اللَّهُ فَدَفَنُوهُ، فَأَصْبَحَ وَقَدْ لَفَظَتْهُ الْأَرْضُ، فَقَالُوا: “هَذَا فِعْلُ مُحَمَّدٍ وَأَصْحَابِهِ، لَمَّا هَرَبَ مِنْهُمْ نَبَشُوا عَنْ صَاحِبِنَا فَأَلْقَوْهُ”، فَحَفَرُوا لَهُ فَأَعْمَقُوا، فَأَصْبَحَ وَقَدْ لَفَظَتْهُ الْأَرْضُ، فَقَالُوا: “هَذَا فِعْلُ مُحَمَّدٍ وَأَصْحَابِهِ، نَبَشُوا عَنْ صَاحِبِنَا لَمَّا هَرَبَ مِنْهُمْ فَأَلْقَوْهُ”.

فَحَفَرُوا لَهُ وَأَعْمَقُوا لَهُ فِي الْأَرْضِ مَا اِسْتَطَاعُوا، فَأَصْبَحَ وَقَدْ لَفَظَتْهُ الْأَرْضُ، فَعَلِمُوا أَنَّهُ لَيْسَ مِنَ النَّاسِ، فَأَلْقَوْهُ».

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Бір адам христиан еді. Кейін исламды қабылдап, “Бақара” және “Әли Имран” сүрелерін оқып үйренді. Ол Пайғамбарға (с.а.с.) хатшылық ететін. Кейін қайтадан христиан дініне оралып: “Мұхаммед менің оған жазып бергендерімнен басқа ешнәрсе білмейді”, – деп айтып жүрді. Алла оның жанын алды. Оны жерледі. Таңертең қарағандарында, жер оның денесін сыртқа шығарып тастаған екен. Сонда олар: “Бұл – Мұхаммед пен оның сахабаларының ісі. Ол олардан қашып кеткен соң, біздің адамымыздың қабірін ашып, денесін сыртқа тастаған”, – десті. Сөйтіп, оған қайтадан қабір қазып, бұрынғысынан да тереңірек етіп жерледі. Таңертең қарағандарында, жер оның денесін тағы да сыртқа шығарып тастаған екен. Олар тағы да: “Бұл – Мұхаммед пен оның сахабаларының ісі. Ол олардан қашып кеткен соң, біздің адамымыздың қабірін ашып, денесін сыртқа тастаған”, – десті. Содан кейін оған тағы да қабір қазып, қолдан келгенше тереңдетіп жерледі. Бірақ таңертең қарағандарында, жер оның денесін тағы да сыртқа шығарып тастаған екен. Сонда олар мұның адам қолымен жасалған іс емес екенін түсініп, оны сол күйінде тастап кетті».

1527
Бұхари, № 1527 · Сахих: 3631Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ النَّبِيُّ ﷺ: “هَلْ لَكُمْ مِنْ أَنْمَاطٍ؟” قُلْتُ: “وَأَنَّى يَكُونُ لَنَا الْأَنْمَاطُ؟” قَالَ: “أَمَا إِنَّهُ سَيَكُونُ لَكُمُ الْأَنْمَاطُ”. فَأَنَا أَقُولُ لَهَا (يَعْنِي امْرَأَتَهُ): “أَخِّرِي عَنِّي أَنْمَاطَكِ”، فَتَقُولُ: “أَلَمْ يَقُلِ النَّبِيُّ ﷺ: ‘إِنَّهَا سَتَكُونُ لَكُمُ الْأَنْمَاطُ’؟” فَأَدَعُهَا».

Қазақша аудармасы

Жәбир (р.а.) былай деген: «Пайғамбар (с.а.с.): “Сендерде жұқа түкті төсеніштер бар ма?” – деп сұрады. Мен: “Ондай төсеніштер бізде қайдан болсын?” – дедім. Ол: “Біліп қой, кейін сендерде ондай төсеніштер болады”, – деді. Кейін мен әйеліме: “Мына төсеніштеріңді менен аулақ қой”, – дейтін болдым. Сонда ол: “Пайғамбар (с.а.с.): ‘Кейін сендерде ондай төсеніштер болады’, – деген жоқ па еді?” – дейтін. Сонда мен төсеніштерді сол күйінде қалдыратынмын», – деп жеткізді.

1528
Бұхари, № 1528 · Сахих: 3632

عَنْ سَعْدِ بْنِ مُعَاذٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ «أَنَّهُ قَالَ لِأُمَيَّةَ بْنِ خَلَفٍ: “إِنِّي سَمِعْتُ مُحَمَّدًا ﷺ يَزْعُمُ أَنَّهُ قَاتِلُكَ”. قَالَ: “إِيَّايَ؟” قَالَ: “نَعَمْ”. قَالَ: “وَاللَّهِ مَا يَكْذِبُ مُحَمَّدٌ إِذَا حَدَّثَ”. فَقَتَلَهُ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ يَوْمَ بَدْرٍ». وَفِي الْحَدِيثِ قِصَّةٌ، هَذَا مَضْمُونُ الْحَدِيثِ مِنْهَا.

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Муғаз (р.а.) Үмәйя ибн Халафқа: «Мен Мұхаммедтің (с.а.с.) сені өлтіретінін айтқанын естідім», – деген. Ол: «Мені ме?» – деп сұраған. Сағд: «Иә», – деген. Сонда ол: «Алланың атымен ант етемін, Мұхаммед сөйлегенде өтірік айтпайды», – деген. Аса құдіретті де ұлы Алла оны Бәдір күні өлтірді. Хадисте бұған қатысты бір оқиға бар; мұнда соның негізгі мазмұны берілген.

1529
Бұхари, № 1529 · Сахих: 3633Риуаят етуші: Усама ибн Зәйд

عَنْ أُسَامَةَ بْنِ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا «أَنَّ جِبْرِيلَ – عَلَيْهِ السَّلَامُ – أَتَى النَّبِيَّ ﷺ وَعِنْدَهُ أُمُّ سَلَمَةَ، فَجَعَلَ يُحَدِّثُ ثُمَّ قَامَ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ لِأُمِّ سَلَمَةَ: “مَنْ هَذَا؟” أَوْ كَمَا قَالَ. قَالَ: قَالَتْ: “هَذَا دِحْيَةُ”. قَالَتْ أُمُّ سَلَمَةَ: “وَايْمُ اللَّهِ، مَا حَسِبْتُهُ إِلَّا إِيَّاهُ، حَتَّى سَمِعْتُ خُطْبَةَ نَبِيِّ اللَّهِ ﷺ يُخْبِرُ جِبْرِيلَ”، أَوْ كَمَا قَالَ».

Қазақша аудармасы

Үсама ибн Зәйдтен (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Жәбірейіл (а.с.) Пайғамбарға (с.а.с.) келді. Сол кезде оның жанында Үммі Сәләмә болған. Жәбірейіл онымен сөйлесіп отырды да, кейін орнынан тұрып кетті. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) Үммі Сәләмәдан: “Бұл кім?” – деп сұрады немесе осыған ұқсас сөз айтты. Үммі Сәләмә: “Бұл – Дихия”, – деді. Кейін Үммі Сәләмә: “Алланың атымен ант етемін, мен оны Дихиядан басқа ешкім деп ойламадым. Алланың Пайғамбарының (с.а.с.) құтба кезінде оның Жәбірейіл екенін айтқанын естігенде ғана білдім”, – деді немесе осыған ұқсас сөз айтты».

1530
Бұхари, № 1530 · Сахих: 3634Риуаят етуші: Ибн Омар

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «رَأَيْتُ النَّاسَ مُجْتَمِعِينَ فِي صَعِيدٍ، فَقَامَ أَبُو بَكْرٍ فَنَزَعَ ذَنُوبًا أَوْ ذَنُوبَيْنِ، وَفِي بَعْضِ نَزْعِهِ ضَعْفٌ، وَاللَّهُ يَغْفِرُ لَهُ. ثُمَّ أَخَذَهَا عُمَرُ فَاسْتَحَالَتْ بِيَدِهِ غَرْبًا، فَلَمْ أَرَ عَبْقَرِيًّا فِي النَّاسِ يَفْرِي فَرِيَّهُ حَتَّى ضَرَبَ النَّاسُ بِعَطَنٍ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Түсімде адамдардың тегіс бір алаңға жиналғанын көрдім. Әбу Бәкір орнынан тұрып, құдықтан бір немесе екі шелек су тартты. Оның кейбір су тартқан сәттерінде әлсіздік байқалды, Алла оны кешірсін. Содан кейін шелекті Омар алды. Оның қолында ол үлкен шелекке айналды. Адамдардың арасынан Омар секілді аса шебер әрі қуатты түрде су тартқан ешкімді көрмедім. Ақырында адамдар малдарын суарып болып, тынығатын орындарына жайғасты».

بَابُ قَوْلِ اللَّهِ تَعَالَى: ﴿يَعْرِفُونَهُ كَمَا يَعْرِفُونَ أَبْنَاءَهُمْ وَإِنَّ فَرِيقًا مِنْهُمْ لَيَكْتُمُونَ الْحَقَّ وَهُمْ يَعْلَمُونَ﴾ [الْبَقَرَةِ: 146]

18-бапАлла Тағаланың: «Оны өз балаларын танығандай таниды. Расында, олардың бір бөлігі осынау ақиқатты біліп тұрып жасырады» («Бақара», 146‑аят) деген сөзі туралы

1531
Бұхари, № 1531 · Сахих: 3635Риуаят етуші: Ибн Омар

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا «أَنَّ الْيَهُودَ جَاءُوا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَذَكَرُوا لَهُ أَنَّ رَجُلًا مِنْهُمْ وَامْرَأَةً زَنَيَا، فَقَالَ لَهُمْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَا تَجِدُونَ فِي التَّوْرَاةِ فِي شَأْنِ الرَّجْمِ؟” فَقَالُوا: “نَفْضَحُهُمْ وَيُجْلَدُونَ”، فَقَالَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ سَلَامٍ: “كَذَبْتُمْ، إِنَّ فِيهَا الرَّجْمَ”. فَأَتَوْا بِالتَّوْرَاةِ فَنَشَرُوهَا، فَوَضَعَ أَحَدُهُمْ يَدَهُ عَلَى آيَةِ الرَّجْمِ، فَقَرَأَ مَا قَبْلَهَا وَمَا بَعْدَهَا، فَقَالَ لَهُ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ سَلَامٍ: “اِرْفَعْ يَدَكَ”، فَرَفَعَ يَدَهُ فَإِذَا فِيهَا آيَةُ الرَّجْمِ، فَقَالُوا: “صَدَقَ، يَا مُحَمَّدُ، فِيهَا آيَةُ الرَّجْمِ”، فَأَمَرَ بِهِمَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَرُجِمَا».

Қазақша аудармасы

Одан (р.а.) жеткен хабарда былай делінген: «Яһудилер Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп, өз араларындағы бір ер адам мен бір әйелдің зина жасағанын хабарлады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) олардан: “Тәуратта таспен ату үкімі туралы не жазылған?” – деп сұрады. Олар: “Біз оларды масқаралап, дүре соғамыз”, – десті. Сонда Абдулла ибн Сәләм: “Өтірік айттыңдар! Онда таспен ату үкімі бар”, – деді. Олар Тәуратты әкеліп, ашты. Олардың бірі қолын таспен ату туралы аяттың үстіне қойып, оның алдындағы және одан кейінгі мәтінді оқыды. Сонда Абдулла ибн Сәләм оған: “Қолыңды көтер”, – деді. Ол қолын көтергенде, астынан таспен ату туралы аят көрінді. Сонда олар: “Уа, Мұхаммед! Ол рас айтты. Онда таспен ату туралы аят бар”, – десті. Алла Елшісі (с.а.с.) әлгі екеуін таспен атуды бұйырды, сөйтіп екеуі де таспен атылды».

بَابُ سُؤَالِ الْمُشْرِكِينَ أَنْ يُرِيَهُمُ النَّبِيُّ ﷺ آيَةً فَأَرَاهُمْ اِنْشِقَاقَ الْقَمَرِ

19-бапМүшріктердің Пайғамбардан (с.а.с.) өздеріне бір мұғжиза көрсетуін сұрауы және оның оларға айдың қақ жарылуын көрсетуі туралы

1532
Бұхари, № 1532 · Сахих: 3636Риуаят етуші: Ибн Мәсғуд

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «اِنْشَقَّ الْقَمَرُ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ شِقَّتَيْنِ، فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: “اِشْهَدُوا”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғуд (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.) заманында ай екіге жарылды. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): “Куә болыңдар”, – деді».

1533
Бұхари, № 1533 · Сахих: 3642, 3643

عَنْ عُرْوَةَ الْبَارِقِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ أَعْطَاهُ دِينَارًا يَشْتَرِي بِهِ شَاةً، فَاِشْتَرَى لَهُ بِهِ شَاتَيْنِ، فَبَاعَ إِحْدَاهُمَا بِدِينَارٍ، وَجَاءَهُ بِدِينَارٍ وَشَاةٍ، فَدَعَا لَهُ بِالْبَرَكَةِ فِي بَيْعِهِ، وَكَانَ لَوِ اِشْتَرَى التُّرَابَ لَرَبِحَ فِيهِ».

Қазақша аудармасы

Ұруа әл-Бариқиден (р.а.) мынадай хабар жеткен: Пайғамбар (с.а.с.) оған бір қой сатып алу үшін бір динар берген. Ол сол ақшаға екі қой сатып алды да, біреуін бір динарға сатып, Пайғамбарға (с.а.с.) бір динар мен бір қой әкелді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оның саудасына береке тіледі. Ол тіпті топырақ сатып алса да, одан пайда табатын еді.