Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1412

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
59. Пайғамбарлар туралы хадистер кітабыكِتَابُ أَحَادِيثِ الْأَنْبِيَاءِ
бап
1. Адамның және оның ұрпағының жаратылысы туралыبَابُ خَلْقِ آدَمَ وَذُرِّيَّتِهِ
Нөмірі
№ 1412 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3326
1412
Бұхари, № 1412 · Сахих: 3326Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «خَلَقَ اللَّهُ آدَمَ وَطُولُهُ سِتُّونَ ذِرَاعًا، ثُمَّ قَالَ: “اِذْهَبْ فَسَلِّمْ عَلَى أُولَئِكَ مِنَ الْمَلَائِكَةِ، فَاِسْتَمِعْ مَا يُحَيُّونَكَ، تَحِيَّتُكَ وَتَحِيَّةُ ذُرِّيَّتِكَ”، فَقَالَ: “السَّلَامُ عَلَيْكُمْ”، فَقَالُوا: “السَّلَامُ عَلَيْكَ وَرَحْمَةُ اللَّهِ”، فَزَادُوهُ “وَرَحْمَةُ اللَّهِ”، فَكُلُّ مَنْ يَدْخُلُ الْجَنَّةَ عَلَى صُورَةِ آدَمَ، فَلَمْ يَزَلِ الْخَلْقُ يَنْقُصُ حَتَّى الْآنَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Алла Адамды жаратты. Оның бойы алпыс шынтақ еді. Содан кейін оған: “Бар да, анау періштелерге сәлем бер. Олардың саған қалай сәлем қайтаратынын тыңда. Бұл сенің де, ұрпағыңның да сәлемдесу үлгісі болады”, – деді. Адам: “Әссәләму аләйкум”, – деді. Періштелер: “Әссәләму аләйкә уә рахматуллаһ”, – деп жауап беріп, оған “уә рахматуллаһ” сөзін қосты. Жәннатқа кіретін әрбір адам Адамның бейнесінде болады. Адамзаттың бойы содан бері осы күнге дейін аласара берді», – деген.