Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1411

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
58. Жаратылыстың басталуы туралы кітапكِتَابُ بَدْءِ الْخَلْقِ
бап
11. Сендердің біріңнің сусынына шыбын түссе, оны батырып алсын: оның бір қанатында дерт, екінші қанатында шипа барبَابُ إِذَا وَقَعَ الذُّبَابُ فِي شَرَابِ أَحَدِكُمْ فَلْيَغْمِسْهُ فَإِنَّ فِي إِحْدَى جَنَاحَيْهِ دَاءً وَفِي الْأُخْرَى شِفَاءً
Нөмірі
№ 1411 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3321
1411
Бұхари, № 1411 · Сахих: 3321Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «غُفِرَ لِامْرَأَةٍ مُومِسَةٍ، مَرَّتْ بِكَلْبٍ عَلَى رَأْسِ رَكِيٍّ يَلْهَثُ، قَدْ كَادَ يَقْتُلُهُ الْعَطَشُ، فَنَزَعَتْ خُفَّهَا، فَأَوْثَقَتْهُ بِخِمَارِهَا، فَنَزَعَتْ لَهُ مِنَ الْمَاءِ، فَغُفِرَ لَهَا بِذَلِكَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Бір жезөкше әйелдің күнәсі кешірілді. Ол құдықтың басында шөлден тілі салақтап тұрған иттің жанынан өтіп бара жатты. Ит шөлден өлуге шақ қалған еді. Сонда әйел мәсісін шешіп, оны жаулығына байлады да, құдықтан итке су тартып берді. Осы ісі үшін оның күнәсі кешірілді», – деген.