Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1302

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
56. Жиһад және әскери жорықтар кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ وَالسِّيَرِ
бап
66. Әскерге жазылған адамның әйелі қажылыққа аттанса немесе оның өзге бір үзірі болса, жорықтан қалуына рұқсат беріле ме?بَابُ مَنِ اكْتَتَبَ فِي جَيْشٍ فَخَرَجَتِ امْرَأَتُهُ حَاجَّةً، أَوْ كَانَ لَهُ عُذْرٌ، هَلْ يُؤْذَنُ لَهُ؟
Нөмірі
№ 1302 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3006
1302
Бұхари, № 1302 · Сахих: 3006Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا أَنَّهُ سَمِعَ النَّبِيَّ ﷺ يَقُولُ: «لَا يَخْلُوَنَّ رَجُلٌ بِامْرَأَةٍ، وَلَا تُسَافِرَنَّ امْرَأَةٌ إِلَّا وَمَعَهَا مَحْرَمٌ». فَقَامَ رَجُلٌ فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، اُكْتُتِبْتُ فِي غَزْوَةِ كَذَا وَكَذَا، وَخَرَجَتِ امْرَأَتِي حَاجَّةً». قَالَ: «اِذْهَبْ فَحُجَّ مَعَ امْرَأَتِكَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.) былай дегенін жеткізген: «Ешбір ер адам бөтен әйелмен оңаша қалмасын. Сондай-ақ ешбір әйел жанында махрамы болмаса, сапарға шықпасын». Сонда бір адам орнынан тұрып: «Уа, Расулалла! Мен пәленше жорыққа қатысатын әскер қатарына жазылып қойдым, ал әйелім қажылыққа аттанып кетті», – деді. Пайғамбар (с.а.с.): «Бар да, әйеліңмен бірге қажылық жаса», – деді.