Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1301

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
56. Жиһад және әскери жорықтар кітабыكِتَابُ الْجِهَادِ وَالسِّيَرِ
бап
65. Түйелердің мойнына тағылатын қоңырау және соған ұқсас нәрселер жайында айтылғандар туралыبَابُ مَا قِيلَ فِي الْجَرَسِ وَنَحْوِهِ فِي أَعْنَاقِ الْإِبِلِ
Нөмірі
№ 1301 (Мухтасар реті) · Сахих: № 3005
1301
Бұхари, № 1301 · Сахих: 3005

عَنْ أَبِي بَشِيرٍ الْأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ كَانَ مَعَ النَّبِيِّ ﷺ فِي بَعْضِ أَسْفَارِهِ وَالنَّاسُ فِي مَبِيتِهِمْ، فَأَرْسَلَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ رَسُولًا أَنْ لَا يَبْقَيَنَّ فِي رَقَبَةِ بَعِيرٍ قِلَادَةٌ مِنْ وَتَرٍ، أَوْ قِلَادَةٌ إِلَّا قُطِعَتْ.

Қазақша аудармасы

Әбу Бәшир әл-Ансари (р.а.) Пайғамбармен (с.а.с.) сапарларының бірінде бірге болған. Адамдар түнейтін орындарына жайғасқан еді. Алла Елшісі (с.а.с.) бір жаршы жіберіп: «Түйелердің мойнында садақтың керме жібінен жасалған алқа, яки қандай да бір алқа қалмай, түгел кесілсін!» – деп бұйырды.