Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1133

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
46. Зұлымдық туралы кітапكِتَابُ الْمَظَالِمِ
бап
11. Зұлымдық көрген адамның залымның мал-мүлкін тапқан жағдайда өз ақысын өндіріп алуы туралыبَابُ قِصَاصِ الْمَظْلُومِ إِذَا وَجَدَ مَالَ ظَالِمِهِ
Нөмірі
№ 1133 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2461
1133
Бұхари, № 1133 · Сахих: 2461Риуаят етуші: Уқба ибн Амир

عَنْ عُقْبَةَ بْنِ عَامِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قُلْنَا لِلنَّبِيِّ ﷺ: «إِنَّكَ تَبْعَثُنَا فَنَنْزِلُ بِقَوْمٍ لَا يَقْرُونَا، فَمَا تَرَى فِيهِ؟» فَقَالَ لَنَا: «إِنْ نَزَلْتُمْ بِقَوْمٍ، فَأُمِرَ لَكُمْ بِمَا يَنْبَغِي لِلضَّيْفِ فَاقْبَلُوا، فَإِنْ لَمْ يَفْعَلُوا فَخُذُوا مِنْهُمْ حَقَّ الضَّيْفِ».

Қазақша аудармасы

Уқба ибн Амир (р.а.): «Біз Пайғамбардан (с.а.с.): “Сіз бізді түрлі жерлерге жібересіз. Біз кейбір қауымдарға тоқтаймыз, бірақ олар бізге қонақасы бермейді. Бұған қатысты не дейсіз?” – деп сұрадық. Ол бізге: “Егер бір қауымға тоқтағандарыңда, сендерге қонаққа лайықты сый-сияпат көрсетілсе, оны қабыл алыңдар. Ал егер бұлай істемесе, олардан қонақтың тиесілі ақысын алыңдар”, – деді», – деп жеткізді.