Хадис

Сахих әл-Бұхари, № 1132

Жинақ
Сахих әл-Бұхариصحيح البخاري
кітап
46. Зұлымдық туралы кітапكِتَابُ الْمَظَالِمِ
бап
10. Бір істің жалған екенін біле тұра, сол үшін дауласқан адамның күнәсі туралыبَابُ إِثْمِ مَنْ خَاصَمَ فِي بَاطِلٍ وَهُوَ يَعْلَمُهُ
Нөмірі
№ 1132 (Мухтасар реті) · Сахих: № 2458
1132
Бұхари, № 1132 · Сахих: 2458Риуаят етуші: Үммі Сәләма

عَنْ أُمِّ سَلَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا زَوْجِ النَّبِيِّ ﷺ عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَنَّهُ سَمِعَ خُصُومَةً بِبَابِ حُجْرَتِهِ، فَخَرَجَ إِلَيْهِمْ فَقَالَ: «إِنَّمَا أَنَا بَشَرٌ، وَإِنَّهُ يَأْتِينِي الْخَصْمُ، فَلَعَلَّ بَعْضَكُمْ أَنْ يَكُونَ أَبْلَغَ مِنْ بَعْضٍ، فَأَحْسِبُ أَنَّهُ صَدَقَ، فَأَقْضِي لَهُ بِذَلِكَ، فَمَنْ قَضَيْتُ لَهُ بِحَقِّ مُسْلِمٍ فَإِنَّمَا هِيَ قِطْعَةٌ مِنَ النَّارِ؛ فَلْيَأْخُذْهَا أَوْ فَلْيَتْرُكْهَا».

Қазақша аудармасы

Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Үммі Сәләмәнің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) бөлмесінің есігі алдында адамдардың өзара дауласып жатқанын естіп, олардың алдына шықты да: «Мен де адаммын. Маған дауласушы тараптар келеді. Сендердің бірің екіншісінен өз уәжін шешенірек жеткізуі мүмкін. Сонда мен оны шын айтып тұр деп ойлап, соның пайдасына үкім шығаруым ықтимал. Ендеше, кімнің пайдасына бір мұсылманның ақысын беруге үкім шығарсам, оған бергенім – тозақ отының бір бөлігі ғана. Қаласа, оны алсын, қаласа, тастасын», – деді.