عَنْ كَعْبِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ كَانَتْ لَهُمْ غَنَمٌ تَرْعَى بِسَلْعٍ، فَأَبْصَرَتْ جَارِيَةٌ لَنَا بِشَاةٍ مِنْ غَنَمِنَا مَوْتًا، فَكَسَرَتْ حَجَرًا فَذَبَحَتْهَا بِهِ، فَقَالَ لَهُمْ: «لَا تَأْكُلُوا حَتَّى أَسْأَلَ النَّبِيَّ ﷺ أَوْ أُرْسِلَ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ مَنْ يَسْأَلُهُ»، وَأَنَّهُ سَأَلَ النَّبِيَّ ﷺ عَنْ ذَاكَ، أَوْ أَرْسَلَ، فَأَمَرَهُ بِأَكْلِهَا.
Кәғб ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Біздің Салғ тауының маңында жайылатын қойларымыз бар еді. Күңдеріміздің бірі бір қойымыздың өлейін деп жатқанын көріп, бір тасты жарып алды да, сонымен оны бауыздады. Сонда мен оларға: “Мен Пайғамбардан (с.а.с.) өзім сұрамайынша немесе оған біреуді жіберіп сұратпайынша, бұл қойдың етін жемеңдер”, – дедім. Кейін бұл туралы Пайғамбардан (с.а.с.) өзім сұрадым немесе біреуді жіберіп сұраттым. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) сол қойдың етін жеуді бұйырды», – деп жеткізді.