عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: وَكَّلَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِحِفْظِ زَكَاةِ رَمَضَانَ، فَأَتَانِي آتٍ فَجَعَلَ يَحْثُو مِنَ الطَّعَامِ، فَأَخَذْتُهُ وَقُلْتُ: «وَاللَّهِ، لَأَرْفَعَنَّكَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ». قَالَ: «إِنِّي مُحْتَاجٌ، وَعَلَيَّ عِيَالٌ، وَلِي حَاجَةٌ شَدِيدَةٌ». قَالَ: فَخَلَّيْتُ عَنْهُ.
فَأَصْبَحْتُ فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «يَا أَبَا هُرَيْرَةَ، مَا فَعَلَ أَسِيرُكَ الْبَارِحَةَ؟» قَالَ: قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، شَكَا حَاجَةً شَدِيدَةً وَعِيَالًا، فَرَحِمْتُهُ فَخَلَّيْتُ سَبِيلَهُ». قَالَ: «أَمَا إِنَّهُ قَدْ كَذَبَكَ وَسَيَعُودُ».
فَعَرَفْتُ أَنَّهُ سَيَعُودُ لِقَوْلِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ: «إِنَّهُ سَيَعُودُ»، فَرَصَدْتُهُ، فَجَاءَ يَحْثُو مِنَ الطَّعَامِ، فَأَخَذْتُهُ، فَقُلْتُ: «لَأَرْفَعَنَّكَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ». قَالَ: «دَعْنِي، فَإِنِّي مُحْتَاجٌ وَعَلَيَّ عِيَالٌ، لَا أَعُودُ»، فَرَحِمْتُهُ فَخَلَّيْتُ سَبِيلَهُ.
فَأَصْبَحْتُ فَقَالَ لِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَا أَبَا هُرَيْرَةَ، مَا فَعَلَ أَسِيرُكَ؟» قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، شَكَا حَاجَةً شَدِيدَةً وَعِيَالًا، فَرَحِمْتُهُ فَخَلَّيْتُ سَبِيلَهُ». قَالَ: «أَمَا إِنَّهُ قَدْ كَذَبَكَ وَسَيَعُودُ».
فَرَصَدْتُهُ الثَّالِثَةَ، فَجَاءَ يَحْثُو مِنَ الطَّعَامِ، فَأَخَذْتُهُ، فَقُلْتُ: «لَأَرْفَعَنَّكَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَهَذَا آخِرُ ثَلَاثِ مَرَّاتٍ: أَنَّكَ تَزْعُمُ لَا تَعُودُ ثُمَّ تَعُودُ». قَالَ: «دَعْنِي أُعَلِّمْكَ كَلِمَاتٍ يَنْفَعُكَ اللَّهُ بِهَا». قُلْتُ: «مَا هُوَ؟»
قَالَ: «إِذَا أَوَيْتَ إِلَى فِرَاشِكَ فَاقْرَأْ آيَةَ الْكُرْسِيِّ: ﴿اللَّهُ لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ﴾ [الْبَقَرَةِ: 255]، حَتَّى تَخْتِمَ الْآيَةَ، فَإِنَّكَ لَنْ يَزَالَ عَلَيْكَ مِنَ اللَّهِ حَافِظٌ، وَلَا يَقْرَبَنَّكَ شَيْطَانٌ حَتَّى تُصْبِحَ»، فَخَلَّيْتُ سَبِيلَهُ.
فَأَصْبَحْتُ فَقَالَ لِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا فَعَلَ أَسِيرُكَ الْبَارِحَةَ؟» قُلْتُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، زَعَمَ أَنَّهُ يُعَلِّمُنِي كَلِمَاتٍ يَنْفَعُنِي اللَّهُ بِهَا، فَخَلَّيْتُ سَبِيلَهُ». قَالَ: «مَا هِيَ؟»
قُلْتُ: «قَالَ لِي: “إِذَا أَوَيْتَ إِلَى فِرَاشِكَ فَاقْرَأْ آيَةَ الْكُرْسِيِّ مِنْ أَوَّلِهَا حَتَّى تَخْتِمَ الْآيَةَ: ﴿اللَّهُ لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ الْحَيُّ الْقَيُّومُ﴾”، وَقَالَ لِي: “لَنْ يَزَالَ عَلَيْكَ مِنَ اللَّهِ حَافِظٌ، وَلَا يَقْرَبَكَ شَيْطَانٌ حَتَّى تُصْبِحَ”».
وَكَانُوا أَحْرَصَ شَيْءٍ عَلَى الْخَيْرِ. فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: «أَمَا إِنَّهُ قَدْ صَدَقَكَ وَهُوَ كَذُوبٌ. تَعْلَمُ مَنْ تُخَاطِبُ مُنْذُ ثَلَاثِ لَيَالٍ، يَا أَبَا هُرَيْرَةَ؟» قَالَ: «لَا». قَالَ: «ذَاكَ شَيْطَانٌ».
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) мені пітір садақасын күзетуге өкіл етті. Бір адам келіп, азық-түліктен уыстап ала бастады. Мен оны ұстап алып: “Алланың атымен ант етемін, сені міндетті түрде Алла Елшісіне (с.а.с.) алып барамын”, – дедім. Ол: “Мен мұқтаж адаммын. Асырауымда бала-шағам бар әрі қатты қысылып жүрмін”, – деді. Сонда мен оны босатып жібердім.
Таңертең Пайғамбар (с.а.с.): “Уа, Әбу Һурайра! Кеше тұтқының не істеді?” – деп сұрады. Мен: “Уа, Расулалла! Ол қатты мұқтаж екенін әрі асырауында бала-шағасы барын айтып шағымданды. Мен оны аяп, босатып жібердім”, – дедім. Ол: “Біліп қой, ол саған өтірік айтты әрі қайтадан келеді”, – деді.
Алла Елшісі (с.а.с.) оның қайта келетінін айтқандықтан, қайтып келетінін білдім де, аңдып отырдым. Ол келіп, тағы да азық-түліктен уыстап ала бастады. Мен оны ұстап алып: “Сені міндетті түрде Алла Елшісіне (с.а.с.) алып барамын”, – дедім. Ол: “Мені қоя бер. Мен мұқтажбын әрі асырауымда бала-шағам бар. Енді қайтып келмеймін”, – деді. Мен оны аяп, босатып жібердім.
Таңертең Алла Елшісі (с.а.с.) менен: “Уа, Әбу Һурайра! Тұтқының не істеді?” – деп сұрады. Мен: “Уа, Расулалла! Ол қатты мұқтаж екенін әрі асырауында бала-шағасы барын айтып шағымданды. Мен оны аяп, босатып жібердім”, – дедім. Ол: “Біліп қой, ол саған өтірік айтты әрі қайтадан келеді”, – деді.
Үшінші рет оны аңдып отырдым. Ол келіп, азық-түліктен уыстап ала бастады. Мен оны ұстап алып: “Сені міндетті түрде Алла Елшісіне (с.а.с.) алып барамын. Бұл – үш рет келуіңнің соңғысы. Сен қайтып келмеймін дейсің де, кейін қайта келесің”, – дедім. Ол: “Мені қоя бер. Мен саған Алла пайдасын тигізетін сөздерді үйретейін”, – деді. Мен: “Ол қандай сөздер?” – деп сұрадым.
Ол: “Төсегіңе жатқан кезде Аятул-Курсиді: ‘Алла – Одан басқа құдай жоқ. Ол – мәңгі Тірі, бәрін Басқарып тұрушы’ (‘Бақара’, 255), – деп бастап, аятты соңына дейін оқы. Сонда Алла тарапынан сені қорғаушы үнемі қасыңда болады әрі таң атқанға дейін саған шайтан жақындай алмайды”, – деді. Мен оны босатып жібердім.
Таңертең Алла Елшісі (с.а.с.) менен: “Кеше тұтқының не істеді?” – деп сұрады. Мен: “Уа, Расулалла! Ол маған Алла пайдасын тигізетін сөздерді үйретемін деп айтты. Сондықтан оны босатып жібердім”, – дедім. Ол: “Олар қандай сөздер?” – деп сұрады.
Мен: “Ол маған: ‘Төсегіңе жатқан кезде Аятул-Курсиді басынан аяғына дейін: «Алла – Одан басқа құдай жоқ. Ол – мәңгі Тірі, бәрін Басқарып тұрушы», – деп оқы’, – деді. Сондай-ақ: ‘Алла тарапынан сені қорғаушы үнемі қасыңда болады әрі таң атқанға дейін саған шайтан жақындай алмайды’, – деді”, – деп жауап бердім».
Олар жақсылыққа барынша ұмтылатын еді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Біліп қой, өзі суайт бола тұра, бұл жолы саған шын айтты. Уа, Әбу Һурайра! Үш түннен бері кіммен сөйлесіп жүргеніңді білесің бе?» – деп сұрады. Әбу Һурайра (р.а.): «Жоқ», – деді. Ол: «Ол – шайтан», – деді.