عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَدِمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الْمَدِينَةَ وَالنَّاسُ يُسْلِفُونَ فِي الثَّمَرِ الْعَامَ وَالْعَامَيْنِ، فَقَالَ: “مَنْ سَلَّفَ فِي تَمْرٍ فَلْيُسْلِفْ فِي كَيْلٍ مَعْلُومٍ وَوَزْنٍ مَعْلُومٍ”». وَفِي رِوَايَةٍ عَنْهُ: «إِلَى أَجَلٍ مَعْلُومٍ».
Қазақша аудармасы
Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Мәдинаға келген кезде, адамдар бір не екі жылдан кейін алатын жемістерінің ақысын алдын ала төлейтін еді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім құрманы сәләм жолымен алдын ала сатып алса, белгілі өлшеммен және белгілі салмақпен сатып алсын”, – деді». Басқа риуаятта: «Белгілі мерзімге», – делінген.