Хадис
كِتَابُ السَّلَمِ

Сәләм саудасы кітабы

Сахих әл-Бұхари, 36-кітап · 3 хадис · № 1058–1060

بَابُ السَّلَمِ فِي كَيْلٍ مَعْلُومٍ

1-бапБелгілі көлеммен сәләм саудасын жасау туралы

1058
Бұхари, № 1058 · Сахих: 2239Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَدِمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الْمَدِينَةَ وَالنَّاسُ يُسْلِفُونَ فِي الثَّمَرِ الْعَامَ وَالْعَامَيْنِ، فَقَالَ: “مَنْ سَلَّفَ فِي تَمْرٍ فَلْيُسْلِفْ فِي كَيْلٍ مَعْلُومٍ وَوَزْنٍ مَعْلُومٍ”». وَفِي رِوَايَةٍ عَنْهُ: «إِلَى أَجَلٍ مَعْلُومٍ».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Мәдинаға келген кезде, адамдар бір не екі жылдан кейін алатын жемістерінің ақысын алдын ала төлейтін еді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім құрманы сәләм жолымен алдын ала сатып алса, белгілі өлшеммен және белгілі салмақпен сатып алсын”, – деді». Басқа риуаятта: «Белгілі мерзімге», – делінген.

بَابُ السَّلَمِ إِلَى مَنْ لَيْسَ عِنْدَهُ أَصْلٌ

2-бапӨнім өндіретін шаруашылығы жоқ адаммен сәләм саудасын жасау туралы

1059
Бұхари, № 1059 · Сахих: 2242Риуаят етуші: Ибн Әбу Әуфа

عَنِ ابْنِ أَبِي أَوْفَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «إِنَّا كُنَّا نُسْلِفُ عَلَى عَهْدِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَأَبِي بَكْرٍ وَعُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي الْحِنْطَةِ وَالشَّعِيرِ وَالزَّبِيبِ وَالتَّمْرِ».

Қазақша аудармасы

Ибн Әбу Ауфа (р.а.): «Біз Алла Елшісінің (с.а.с.), Әбу Бәкір мен Омардың (р.а.) заманында бидайды, арпаны, мейізді және құрманы сәләм жолымен алдын ала сатып алатын едік», – деген.

1060
Бұхари, № 1060 · Сахих: 2244

وَفِي رِوَايَةٍ عَنْهُ قَالَ: «كُنَّا نُسْلِفُ نَبِيطَ أَهْلِ الشَّأْمِ فِي الْحِنْطَةِ وَالشَّعِيرِ وَالزَّبِيبِ، فِي كَيْلٍ مَعْلُومٍ إِلَى أَجَلٍ مَعْلُومٍ». فَقِيلَ لَهُ: «إِلَى مَنْ كَانَ أَصْلُهُ عِنْدَهُ؟» قَالَ: «مَا كُنَّا نَسْأَلُهُمْ عَنْ ذَلِكَ».

Қазақша аудармасы

Ибн Әбу Ауфадан (р.а.) жеткен бір риуаятта: «Біз Шам жеріндегі набатейлерге бидай, арпа және мейіз үшін белгілі өлшеммен, белгілі мерзімге алдын ала ақы төлейтінбіз», – делінген. Одан: «Мұндай сауданы сол өнімді өндіретін егіндігі бар адамдармен жасайтын ба едіңдер?» – деп сұралғанда, ол: «Біз олардан мұны сұрамайтынбыз», – деген.